Ел арасында
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық мәслихатының кезекті 41-сессиясына қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Сессияда аудан әкімі А.Қиықов Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Ол, сондай-ақ, жыл басынан бері 6049,9 миллион теңгенің өнімдері өндірілгені жөнінде хабардар етті. Өткен жылмен салыстырғанда өнім өндіру 5,2 пайыз өскені, өндіріс көлемінің индексі 107,2 пайызға жеткені атап өтілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 32,9 пайызға артты. Ауданда Индустрияландыру картасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ал Сенат депутаты Жабал Ерғалиев «бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасының басты мәселелеріне тоқталды. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің артықшылықтары және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде атқарылған істерге тоқталды.
Сенаторлар оқу-өндірістік комбинатында болды және онда жылу жүйесінің қысқы маусымға әзірлігімен танысты.
* * *
Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов және Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысында тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның қабылданғанын, әлем бойынша мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет көлемінің кемігенін атап өтті. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы Ұлттық қордан қаржы алынып, барлық әлеуметтік кепілдіктердің сақталып отырғанын жеткізді.
Ал Бекмырза Еламанов елімізде кәсіпкерлікті қолдауға байланысты біраз заңдарға өзгерістер енгізілетініне, шаруашылық субъектілері көлік салығынан босатылатынына тоқталды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенде ауыл шаруашылығын субсидиялауды 5-6 жылға дейін қысқартпауға рұқсат алынғанын атады.
Сенаторлар облысқа сапары барысында Жаңақорған ауданындағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Одан кейін аудандық мәслихат депутаттарымен, бөлім басшыларымен жүздесті. Аудан әкімдігінде өткен кездесуді аудан әкімі Руслан Рүстемов жүргізді. Депутаттар Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бес институттық реформа және оны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жан-жақты түсіндірді.
– Президент жариялаған «Ұлт жоспары» – еліміздің даму жолы айқындалған тарихи құжат. Алдағы жылдары атқарар міндеттердің негізгі бағыты. Мемлекет межесі – бәсекеге қабілетті отыздыққа ену. Әрбір қадам қоғам өміріндегі маңызды саланы қамтыған. Ендігі кезек сол міндеттерді жүзеге асыруға жұмыс істеу, – деді Бекмырза Еламанов.

Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53
Астанада оқушылар арасында төбелес болды: Қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 09:42
Спорт • Бүгін, 09:20
Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 09:15
Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Қалба жоталары – қылқалам ұшында
Өнер • Бүгін, 09:05