«G-Global» – бұл көпқызметті ғаламтор тұғырнамасы, оның шеңберінде әлемдік дамудың жаһандық мәселелерін талқылау үшін дүниежүзінің ғұламалары шоғырланған. Сондықтан, онлайн-конференцияда Қазақстан және әлем қауымдастығының зиялыларын кең ауқымды мәселелердің шешімін табумен айналысатын әлеуметтік желіге біріктіру мақсаты көзделді. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени, демографиялық және басқа да мәселелер бойынша интерактивті, ашық пікірталастар өткізуге мүмкіндіктер берілді.
Бейнеконференцияны Урал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М. Федоров ашып, ғылыми форумның қатысушыларын құттықтады. Ал «Тұран-Астана» университетінің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М. Шайжанов «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жеке әріптестіктің тетіктерін жетілдіру» тақырыбы төңірегінде сөз қозғады.
Шара соңында бейнеконференция қатысушылары қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселелерін талқылау үшін G-Global алаңын кеңінен қолданудың қажеттілігі мен тиімділігі туралы өз ой-пікірлерін білдірді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше