Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ольга Киколенко басқаратын «Жұмыспен қамту және халық табысы» бағыты бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті. Оған Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған сарапшылар тобының отырысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырудың тиімділігі, сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүйесі бойынша шағын несиелендіру мәселелері талқыланды. Жиында белгілі болғандай, қазіргі таңда елімізде 626,7 мыңнан астам мүгедек жан бар. Олардың ішінде 64,5 пайызы еңбек етуге қабілетті жаста болса, денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамдылары 16 пайызды құрап отырған көрінеді. Ал 20 пайызы (82,6 мың адам) жұмысқа орналасқан. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне қарағанда, 2015 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша, мүмкіндігі шектеулі 2,3 мыңнан астам жанды жұмыспен қамту мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылған. Оның айтуынша, 967 азамат қоғамдық жұмыстарға бағытталған, 430 адам еңбек етер орнын мемлекеттік қолдау шараларының көмегінсіз тапқан, ал 322-сі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Cондай-ақ, басқосу барысында арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия беру, мүгедектерді кәсіпорынның штаттық санына байланысты жұмысқа орналастыру бағытында квота беру тетігін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылған кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер Мәжілісте талқыланып жатқаны айтылды. Бұдан бөлек, аталған нормаларды іске асыру үшін заңға қосымша тиісті актілер дайындалу үстінде екені сөз болды. Өз кезегінде депутат Ольга Киколенко: «Қазіргі экономикалық шарттар мен еңбек нарығындағы жағдай шеңберінде мүгедектердің құқықтарын қорғау мақсатында бекітілген конвенцияның талаптарын орындауымыз қажет. Бұл талап – мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу», деді. Отырыста халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің бірі – шағын несиелендіру екеніне баса назар аударылды. Бүгінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 28,7 мың жан несие алыпты. Олардың ішінде 20 мыңы өз ісін ашса, 8,6 мыңы бизнестерінің көлемін кеңейткен. Осы арада аталған бағдарлама шеңберінде 30 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алғандарын да айта кетейік. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше