Атырауда Президент сайлауын байқау жөніндегі қоғамдық комиссияның өңірлік филиалы жұмысын бастады. Қазір өңірдегі филиалда еріктілерден байқаушылар құрамын жасақтау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Өңірдегі 232 сайлау учаскесін байқаушылармен қамтамасыз ету мақсатында еріктілерді іріктеу жалғасуда. Қазірдің өзінде 190-ға жуық ерікті байқаушы тіркеліпті. Олардың қатарында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен магистранттар, мұғалімдер мен зиялы қауым өкілдері бар. Осы аптаның соңына дейін еріктілерден байқаушылар құрамын толықтай жасақтау аяқталады.
«Біздің мақсатымыз – сайлаудың еркін және әділ өтуін байқау, сонымен бірге, сайлау барысында заңдылықтың сақталуын байқаумен бірге, азаматтардың сайлау құқығын қорғау. Жақын арада жеті ауданда және өңір орталығында ерікті байқаушылар үшін сайлау туралы заңдылықты түсіндіруге арналған семинар-тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Байқаушыларды арналған әдістемелік құралдармен таныстырамыз», деп атап өтті «Қазақстан Республикасындағы Президент сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысындағы филиал төрайымы Шынаргүл Қайырова.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген Рахым Қойлыбаев.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше