Кеше Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының (РҚШ) мүшелері Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және Шығыс Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестірумен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, «КТК-ның» жеке хабар таратушы директоры Артур Платонов, Қазақстан Республикасы Тау-кен өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ибраев, Нұртай Сабильянов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, т.б. болды.
Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының тантал өндірісі цехының жұмысшыларымен кездесу өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаздық қызметінің жемістері баршаңыздың көз алдарыңызда. Олар осында – Қазақстанның Шығысында да бар. Шығыс Отанымыздағы барлық инновациялық өнімнің бестен бір бөлігін береді. Бұл тағдыр сыйы емес, Елбасының аса зор еңбегінің нәтижесі. Біз шығысқазақстандықтар Мемлекет басшысын қолдаудың ең жоғары нәтижесін көрсететініне сенімдіміз», деп атап көрсетті кездесуде М.Құл-Мұхаммед.
Өз кезегінде зауыт жұмысшылары Н.Ә.Назарбаевты қолдайтындықтарын білдірді. «Зауыт жастары Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын қолдайды және біз осы орасан міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. 26 сәуірде алдымызда аса маңызды міндет – өзіміздің болашағымызды таңдау міндеті тұр! Егер жастарымыз Елбасымызға қарап бой мен ой түзеуге ұмтылатын болса, онда Қазақстанның зор табыстарға жететіні күмәнсіз. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қуатты, берік және өркендеген ел жасайтынына сенімдіміз!» – деді өзінің сөзінде «ҮМЗ» АҚ-тың өндіріс инженері Ринат Құдабаев.
«Сіздердің зауыттарыңыз – 65 жылдық өндірістік дәстүрі бар керемет кәсіпорын. Бүгінде мұнда шамамен 4 000 адам жұмыс істейді. Естеріңізге түсіріңіздерші, осыдан бар-жоғы 20 жыл ғана бұрын елімізде шахталар мен кәсіпорындар жабылып, еңбекақы мен зейнетақы төленбеді, жұмыс та жоқ еді. Бірақ біз осы аса ауыр кезеңнен өтіп, қуатты елге айналдық, Отанымызда орасан зор өзгерістер жүрді. Осы жауапты, тарихи сәтте тағы да Нұрсұлтан Назарбаевқа өзіміздің қолдауымызды көрсететін уақыт келді. Біз тек Елбасымен ғана жаңа ұлы жеңістерге жетеміз!», – деп атап көрсетті Б.Байбек.
РҚШ мүшелері сапарлары барысында «Үлбі» Мәдениет үйінде болды. Сондай-ақ, Оқушылардың шығармашылық үйі мен Металлургтердің мәдениет үйіне атбасын тіреді. Шараларға мыңдаған өскемендік қатысты. Өздерінің сөздерінде олар тәуелсіздіктің 23 жылында Елбасы Қазақстанның берік іргетасын қалыптастырғанын атап көрсетті.
«Елімізде 130 ұлт пен ұлыс өмір сүрсе, тек Шығыс Қазақстан облысында олардың саны – 105! Егемен мемлекет қалыптастырудың алғашқы сәтінен Елбасы ұлтаралық бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, экономикалық өсіп-өркендеуге негізделген қуатты да демократиялы, әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруды ең басты басымдық ретінде қарастырып келеді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында, ұлтымыз бен дінімізге қарамастан, біздің әрқайсымыздың дауысымыз жарқын шығады!», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52