АСТАНА. 1 сәуір. Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Ресейге жасаған іссапарында ФИФА президенті Йозеф Блаттермен кездесті. Сондай-ақ, Ресей ақпарат құралдарына сұхбат беріп, Қазақстанның футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына үміткер ретінде қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.
Аталған басылымға берген сұхбатында ол: «Алдағы уақытта әлем чемпионатын өткізу үшін таласқа түсу жоспарымызда бар. Қазір осы мақсатта ел басшыларымен ақылдасып, өз мүмкіндігімізді саралап жатырмыз. Еліміздің даму қарқыны өте жоғары, экономикамыз да тұрақты түрде алға жылжып келеді. Ендеше неге таласып көрмеске? Біз 2022 жылы қысқы Олимпиаданы өткізгіміз келеді. Ал одан кейінгі жоспарда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тұр», – деді.
Сонымен қатар Ерлан Тоқтарханұлы футбол федерациясының бүгінгі бюджетін де жариялады. Бұл жөнінде ол: «Қазір біздің федерацияның бюджеті шамамен 10 миллион еуроны құрайды. Оның ішінде өзіміздің және УЕФА беретін қаржы да бар», – деді.
Одан бөлек, Федерация президенті қазақ футболының УЕФА-ға мүше болуына тоқталып: «Футболымыздың Еуропаға қосылғанына еш өкінбейміз. Бұл отандық футболшылардың кәсіби деңгейде өсуіне мол мүмкіндік береді. УЕФА бізге өте көп көмек көрсетіп отыр» – деді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: «Спорт-Экспресс».
• 01 Сәуір, 2015
Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуден үмітті

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20