АҚТАУ. 1 сәуір. Маңғыстауда теңіздегі Қазақстан аумағын заңсыз кесіп өтіп, балық аулаған шетелдік браконьерлер ұсталды. Бұл туралы tumba. kz хабарлады.
«Тараз» шекара кемесіне мінген «Жағалау күзеті» аймақтық басқармасының шекарашылары кезекті рейд жүргізді. Рейд барысында Каспий теңізін заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағынан балық аулаған браконьерлерді байқаған. Заң бұзушылар біздің шекарашыларды көрісімен, қайықтарының жылдамдықтарын арттырып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысты. Қазақстан шекарасынан шығып кетуді ойлаған браконьерлерге шекарашылар ескерту оғын атуға мәжбүр болған. Аспанға екі рет атылған ескерту оғынан соң, Әзербайжанның 4 азаматы қолға түсті. Оларды тінту барысында, «Байда» жеңіл қайығы, 28 тыйым салынған балық аулау құралдары және жалпы салмағы 946 кг. құрайтын 240 дана бекіре тәркіленді.
Қазіргі таңда браконьерлерге қатысты мемлекеттік шекараны бұзу және браконьерлік баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде. Қолға түскен Әзербайжан азаматтары Ақтау қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: tumba. kz.
• 01 Сәуір, 2015
Маңғыстауда ел аумағын заңсыз кесіп өткен браконьерлер ұсталды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10