25 Тамыз, 2015

Бас прокурор ТМД елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің хатшысымен кездесті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-08-2015-prokuror 01АСТАНА. 25 тамыз. Бүгін бас прокурор Асхат Дауылбаев ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-жиналысы шеңберінде осы ұйымның атқарушы хатшысы Леонид  Ермолаевпен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында жоспарланып отырған жиналыстың күн тәртібі талқыланды. Бұл жиын мерейтойлық болып табылады және ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады. Тараптар форум барысында талқылауға ұсынылатын мәселелердің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, бас прокурор ТМД аумағында қылмыспен, терроризммен және өзге де зорлық экстремизмнің көріністерімен, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен, адам саудасымен күрес мәселелерінің өзектілігін ерекше атап өтті. Басқосуда ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 2014-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарының орындалу мәселелері сөз болды. ТМД БПҮК 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина қол қойған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 25-08-2015-prokuror 02