Бұл не жоба? Қандай пайдасы бар? Енді аз-кем осы жайына тоқтала кетелік. Зауыт іске қосылғанда табақша шынылар шығара бастайды. Оның өнімі әртүрлі болмақ. Тіпті, ұялы телефонның бетіне қойылатын шыныға дейін шығара алады. Неміс технологиясымен салынатын зауыт барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылмақ. Зауыттың бір күндік қуаттылығы 600 тонна шыны шығаруға жетеді. Яғни, бұл – жылына 197 100 тонна табақша шыны шығады деген сөз.
Зауыт құрылысын іске асыратын стратегиялық инвестор ретінде АҚШ-тың «Steward Engineers» компаниясы таңдап алынған. Аталған компания «Қазақстанның инвестициялық қорымен» бірігіп құрылыстың 20 пайызын қаржыландырып отыр. Ал қалған қаражатты «Қазақстанның Даму банкі» өтейді. Жобаның жалпы құны – 52,1 миллиард теңге.
Шыны зауытының құрылысы үшін Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан 50 гектар жер бөлінді. Облыс бюджетінен онда инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілді. Айталық, газ, су желісі, телефон сымдары, автомобиль жолдары мен кәріз жүйелері толықтай жасалды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары толық дайындалған. Мемлекеттік сараптама жасалып, қажетті келісімдерге қол қойылған. Зауыттың жобасы мақұлданды. Бүгінде құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Кәсіпорын іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтылады. Ал құрылыс жұмыстары кезінде 200 адам жұмысқа тартылады.
Жоспар бойынша зауыт 2017 жылдың қазан айында іске қосылмақ.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05