20 Мамыр, 2015

Төраға Премьер-министрмен кездесті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичус Қазақстан-Литва, соның ішін­де, парламентаралық ынты­мақ­тастықты нығайту мәселелерін тал­қылады, деп хабарлады Мә­жілістің баспасөз қызметі. Тараптардың пікірінше, Қазақстан Литва үшін Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптес болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 430 млн. АҚШ долларын құраған. Мәжіліс Спикерінің сөзінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты, ҮИИДБ, сондай-ақ, қолайлы инвестициялық климат өзара іс-қимылды күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичус Қазақстан халқын Қа­зақ хандығының 550 жылдығы, Конс­ти­туцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы даталармен құттықтай келіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне назар аударып, Литваның көрме тақы­рыбына қатысты қызығушылығын білдірді. Ал парламентаралық қарым-қатынас жайын сөз еткенде Қабиболла Жақыпов пен Альгирдас Буткявичус Мәжіліс пен Сейм арасындағы ынтымақтастық жө­ніндегі топтар жұмысына тоқталды. Кездесу иелерінің айтуынша, парла­мент­аралық өзара іс-қимыл – екі ел әріп­тестігінің маңызды құрамдас бөлігі.