01 Сәуір, 2015

Ақтауда түнгі клубта қыз ұрланды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-04-15-pohishenie-1

АҚТАУ. 1 сәуір. Ақтау қаласындағы түнгі клубтардың бірінде қыз ұрланған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған Lada.kz хабарлады. Құқық қорғау органдарының ақпарына қарағанда, оқиға үстіміздегі жылғы 21 наурыз күні облыс орталығындағы ойын-сауық отауларының бірінде болған. Кейін анықталғандай, түнгі клубқа келген қызбен мұнда бір жас жігіт танысады. Жігіт өзінің Жаңаөзен қаласында тұратынын айтады. Ал кештің соңына қарай ол жаңа танысқан қызын күштеп машинаға мінгізіп, белгісіз бір жаққа алып кетеді. Оны полицияға ұрланған қыздың құрбысы жеткізеді. «Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесе жүргізген «STOP-Трафик» атты жедел-алдын алу шаралары кезінде қызды Жаңаөзен қаласының тұрғыны алып қашқаны анықталады. Жігіт қызды оның еркінен тыс үйінде қамап ұстаған», - деп түсіндірме берді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев. Ол Жаңаөзен қаласы тұрғынына қарсы «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын баяндады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: Lada.kz. Фото: rrnews.ru.