01 Сәуір, 2015

Бас прокурор Венгрия елінің делегациясымен кездесті

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
встреча венгрия 3АСТАНА. 1 сәуір. Бас прокурор Асхат Дауылбаев Венгрияның Премьер-министрі Виктор Орбан бастаған делегация құрамында Астанаға ресми сапармен келген аталмыш елдің Әділет министрі Ласло Трочани мен Бас прокуроры Петер Полтпен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Басқосуда Бас прокуроры құқықтық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті. Әріптестер халықаралық күн тәртібінің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Венгрияның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті. Кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, атап айтқанда, қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша, еліміздің Бас прокуратурасы мен Венгрия Бас прокуратурасының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан мен Венгрияның құқық қорғау органдары арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың динамикалық тәжірибесі қалыптасып, қазіргі таңда жаңа деңгейге шығып келеді. Өткен жылы ұстап беру туралы, сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасалды. Сондай-ақ, бүгін Үкімет .йінде қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қою рәсімі өтті. Осылайша, Венгрия Қазақстанмен қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ынтымақтастық үшін толық құқықтық негіз құрған тағы бір ел атанды. Тараптар құжатқа қол қоюдың қылмысқа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам екендігін және қылмыстық-құқықтық саладағы екі ел құзіретті органдары жұмысының тиімділігін арттыруға ықпалдастық ететінін атап өтті. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету қылмысқа қарсы күрестегі басты бөлшек болып табылады және өзара ықпалдастықты кеңейту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Асхат Дауылбаев атап өткендей, шартқа қол қою қазақстандық-венгриялық құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудегі, қылмысқа қарсы күресте күш біріктірудегі, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердің алдын-алудағы тиісті шаралар дайындауда айтулы оқиға болып отырғанын баса айтты. Кездесу барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытты. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. встреча венгрия 1 встреча венгрия 2