01 Сәуір, 2015

Қызылорда облысында жұмысшылардың құқықтары қорғалды

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11_agroforumАСТАНА. 1 сәуір. Қызылорда облысы Сырдария аудандық прокуратурасы «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндае Еңбек кодексі талаптарының қолданылуына байланысты тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Тексеру барысында жұмыс беруші мен 103 жұмысшы-қызметкер араларында жасалған еңбек шарттарында соңғыларға еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзгеде шарттары, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары, еңбек шартын өзгерту тәртібі, сақтандыру жөніндегі талаптары мен шарттардың реттік нөмірлері көрсетілмей, заң талаптарының бұзылуына жол берілгені анықталды. Сонымен қатар, жұмыс берушімен қарауыл және еден жуушы қызметкерлердің бір айлық жалақысының мөлшері «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның 10-бабында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен (19 966 теңге) кем, яғни 18 660 теңге мөлшерінде белгіленіп, заң талаптары бұзылған. Сондай-ақ, тексеру барысында жұмыс берушімен қарауыл болып жұмыс істейтін 3 қызметкерге 2014 жылы олардың түнгі уақыттағы жұмыстары үшін қосымша ақы төленбей, Еңбек кодексінің 23-бабы 2-бөлігінің 19-тармақшасы мен 91-бабы 1-бөлігі талаптарының бұзылуына жол берілгені белгілі болды. Бұл ретте, жұмыс берушімен еңбек шарттарында жұмысшы-қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелерінің белгіленуіне, сондай-ақ олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптары жөніндегі мәселелері қарастырылмай, соңғылардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген. Заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында аудандық прокуратура «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына 2015 жылдың 5 наурызында ұйғарым енгізіліп, қаралуы нәтижесімен жұмыс берушімен қарауыл қызметкерлерге олардың түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша еңбек ақы есептеліп, төленіп, 103 жұмысшы-қызметкер араларында жасалған еңбек шарттары Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келтіріліп, соңғылардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді. Жолдыбай Базар. Дерек: Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz.