Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Күршім ауданының орталығында Даңқ мемориалы ашылды. Отан қорғаушы күні салтанатты түрде ашылған ескерткіштің елімізде баламасы жоқ деуге болады.
– Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы еліміздің барлық өңірлерінде ерекше атап өтілуде. Шығыс өңірі де мерекені жоғары деңгейде қарсы алды. Жалпы, Шығыс Қазақстаннан 170 мыңнан аса адам майданға алынып, олардың арасынан ерлігімен тарихқа енген 109 Кеңес Одағының Батыры, 22 Даңқ орденінің толық кавалері шықты. Бұл – еліміз бен өңіріміздің батырлығы мен қаһармандығының көрінісі. Алтайдың темірі мен қорғанысы жауға оқ болып атылса, Алтайдың жас өрендері қайсар жауынгер болып қан майданда шайқасты. Жанқиярлықпен жауға атойлап қарсы тұрған боздақтарымыздың рухына тағзым ету үшін Күршім ауылында Даңқ мемориалы бой көтерді. Бізге бұл ескерткіш тарихтан тәлім алу, келешек буынды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін керек, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің айтуынша, Күршім-Марқа өңірінен соғыстың алдыңғы шебіне 9456-дан астам азамат аттанған екен. Оның ішінде 2462 жауынгер хабар-ошарсыз кетсе, 2853 сарбаз майданда опат болған. Мінекей, осы Ұлы Отан соғысынан қайтпаған 5315 боздақтың есімі жаңадан бой көтерген Даңқ мемориалының қабырғаларына габбро мәрмәрға ойылып жазылды. Құрылыстың жалпы құны 65 млн. теңгені құрады. 5 гектар жерге орналасқан кешен аумағы екі сектордан тұрады. Яғни, мемориал аумағы халықтың сейілдеуіне де қолайлы орын саналады. Сектордың бір жағына гүлзар, субұрқақ, орындықтар мен аллея орын тепкен. Ал екінші жағы – тағзым алаңы. Қос қанаттың дәл ортасында көкке шаншылған төрт қырлы стела бар. Дүниенің төрт бұрышы ұғымын беретін стеланың ұзындығы 18 метр, ауданы 1,29 гектарды құрайды. Ұшар басындағы жұлдыздың нышаны дәстүрлі діни нанымдар бойынша тіршілік атаулы мен о дүниедегі кеңістіктің байланысын жеткізеді. Құрмет тақтасында қан майданда қаза тапқан жауынгерлердің аты-жөндерінен бөлек Күршім ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ері, жоғары әскери және мемлекеттік қызметте болған қайраткерлер мен тұлғалардың есімдері көрініс тапқан. Кешеннің маңдайында «Ешкім де өлгендерді тірілтуге құдіретсіз, дегенмен де оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті парызымыз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ойып жазылыпты. Ақын Сырбай Мәуленовтің соғыс қасіретін бейнелеген жыры да ескерткіштің мәнін аша түскен. – Өмір бойы бірі әкесін, бірі атасын, бірі асыл жарын күткен аға ұрпақтың қасіреті қайталанбасын, – десті салтанатты шараға ортақтасқан күршімдік соғыс ардагерлері Ахмедкәрім Ахмадиев, Жүнісқали Ихиев. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы.Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04