2014 жылғы 9 қыркүйекАстана қаласы
«Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №479 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырын, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларының 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №479 Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8257 болып тіркелген 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 23-28 (27967) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, «Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларында;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы есепті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті электрондық және қағаз форматта асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін есептемегенде) және жеке кәсіпкерлердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім ) жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы есепке аяу туралы өтінішті заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер тіркеу орындары бойынша уәкілетті органның аумақтық департаменттеріне не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы (әрі қарай – портал) береді және заңды тұлғаның басшысы, жеке кәсіпкерлер қол қояды немесе электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырады, сондай-ақ олардың мөрлерімен куәландырылады.
Өтініште:
1) заңды тұлға үшін (бұдан әрі – ұйым) – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы, тегі және басшысының аты-жөні, байланыс телефонының нөмірі;
2) жеке кәсіпкерлер үшін – тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (сериясы, нөмірі, қашап бергені), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Арнайы есепке қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық департамент осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, не аумақтық департаменттің уәкілетті тұлғаларының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат түрінде асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама береді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 10 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9789 болып енгізілді.