Әлеммен араласып емен-жарқын,
Мінеки, шаққа жеттік жұрт танитын.
Қол жеткен тәуелсіздік арқасында,
Халқымыз еске алуда түп тарихын.
Тарихтан Нарында да қалған із бар,
Мекені аруақты ер, батыр қыздар.
Ақжүніс, күйші Дина, Мәншүк, Хиуаз,
Көгімде жарқыраған шам жұлдыздар.
Өткенді айта берсем, ол бір дастан,
Ер Тарғын келген жаумен жағаласқан.
Еліме білім нәрін себемін деп,
Хан Жәңгір Ордада алғаш мектеп ашқан.
Жерімді қоймаймын деп беріп қолдан,
Исатай, Махамбеттер атқа қонған.
Дауылпаз күйін төгіп Құрманғазы,
Сол кезден тәуелсіздік болған арман.
Тар кезде бастаймын деп елді өксітпей,
Ер шыққан Сейітқали Мендешевтей.
Тайыр, Қайрат, Фариза – халық үні
Ғалым Асан Тайманов ол – бірегей.
Көтерген Жәңгір туын – білім туын,
Ағам Мырзаш түседі еске бүгін.
Жәнібекте талай жастың оқуына,
Жол ашқан саясаттан тауып жігін.
Нарыным – қазағымның бір бөлшегі,
Ел болдық бүгін міне, біз еңселі.
Тарихын зерделеген Қазақстан,
Болашақ бигінен көрем сені.
Хайролла ИСМАҒҰЛОВ,
кәсіпкер.
Батыс Қазақстан облысы.
Әлеммен араласып емен-жарқын,
Мінеки, шаққа жеттік жұрт танитын.
Қол жеткен тәуелсіздік арқасында,
Халқымыз еске алуда түп тарихын.
Тарихтан Нарында да қалған із бар,
Мекені аруақты ер, батыр қыздар.
Ақжүніс, күйші Дина, Мәншүк, Хиуаз,
Көгімде жарқыраған шам жұлдыздар.
Өткенді айта берсем, ол бір дастан,
Ер Тарғын келген жаумен жағаласқан.
Еліме білім нәрін себемін деп,
Хан Жәңгір Ордада алғаш мектеп ашқан.
Жерімді қоймаймын деп беріп қолдан,
Исатай, Махамбеттер атқа қонған.
Дауылпаз күйін төгіп Құрманғазы,
Сол кезден тәуелсіздік болған арман.
Тар кезде бастаймын деп елді өксітпей,
Ер шыққан Сейітқали Мендешевтей.
Тайыр, Қайрат, Фариза – халық үні
Ғалым Асан Тайманов ол – бірегей.
Көтерген Жәңгір туын – білім туын,
Ағам Мырзаш түседі еске бүгін.
Жәнібекте талай жастың оқуына,
Жол ашқан саясаттан тауып жігін.
Нарыным – қазағымның бір бөлшегі,
Ел болдық бүгін міне, біз еңселі.
Тарихын зерделеген Қазақстан,
Болашақ бигінен көрем сені.
Хайролла ИСМАҒҰЛОВ,
кәсіпкер.
Батыс Қазақстан облысы.
Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше