Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше күн қалды. Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы оқу барысында 4, 5, 6 және 11-сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар пайдаланылатын болады. Ол оқулықтарды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінді. Облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды. Ал 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10-сынып оқушыларын алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта республиканың барлық мектептерінде оқушыларға оқулық тарату жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қосымша білім беру әдебиеттерін (жұмыс дәптерлері, атластар, контурлық карталар және т.б.) ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатынын атап өткен жөн. Оқу жылының басында дүрлігіс болмау үшін оқушылар мен олардың ата-аналарына оқулықтарды, сондай-ақ, қосымша әдебиеттерді және мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз.
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің және оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстар да оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында жедел желілер қосылады. Атап айтқанда, БҒСБК сайтындағы «Азаматтарды қабылдау» бөлімінде «Оқулық- 2015» чаты орналастырылған, сол жерге пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар, деп хабарлайды ата-аналарға Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
• 26 Тамыз, 2015
«Мектепке жол» акциясы: Оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше