02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-04/14

186 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
2015 жылғы 14 қаңтар, Астана қаласы Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 22) тармақшасының 1) тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________Ә. Исекешев 2015 жылғы 2 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 3 ақпан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №18-04/14 бұйрығымен бекітілген Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1) тармағы 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) әкімшілік орган – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган; 2) өтінім беруші – бұл ішкі нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатуға арналған марканы алу үшін өтініш жолдаған заңды немесе жеке тұлға; 3) уылдырық – бекіре тұқымдас балықтардың қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары); 4) сыйымдылық – тікелей уылдырық орналастырылатын ыдыс; 5) көз коды – балықтан алынған уылдырыққа сәйкес келетін әріп W – жабайы балықтан алынған, С – жасанды өсірілген; 6) СИТЕС (CITES) – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция; 7) партияның сәйкестендіру нөмірі – қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын нөмір. 3. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық. Бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі нарықта сатуға арналған марканың берілуін қосады. 4. Осы Қағидалар бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы саудасын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі – уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар). 5. Таңбалауды ішкі және сыртқы нарықтарда уылдырық саудасын жүзеге асыратын адамдар қамтамасыз етеді. 6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады. 7. Ішкі және сыртқы нарықтарда сатылатын бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады: 1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі – ішкі нарыққа арналған марка); 2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі – сыртқы нарыққа арналған марка). 2. Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібі 8. Ішкі нарыққа арналған маркалардың дайындалуын әкімшілік орган қамтамасыз етеді. 9. Сыртқы нарыққа арналған марканың дайындалуы осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанмен, Заңның 9-бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес берілетін Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат қағазында көрсетілген көлемді таңбалауға қажет мөлшерге сәйкес уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалармен қамтамасыз етіледі. 10. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп кетуін, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдаланылуын болдырмауды қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі деңгейлердегі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс. Марка әрбір оның визуалды көрінуін қамтамасыз ететін сыйымдылыққа жабыстырылады. 11. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады. Ішкі нарыққа арналған маркалардың құны дайындау шығындарын есепке ала отырып айқындалады. 12. Ішкі нарыққа арналған маркаларды алу үшін, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға қағаз нысанда не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталдары арқылы электронды нысанда өтінішке келесі мәліметке қоса мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) егер өтінілген уылдырық: отандық-табиғи болса – табиғи суайдындардан ауланған (жабайы) балықтардан алынса, өтінілген уылдырық алынған бекіре тұқымдас балықтарының Заңның 26-бабы 1-3 тармақшасына сәйкес берілетін заңды ауланғанын растайтын анықтаманың (бұдан әрі - анықтама) нөмірін осы Қағидалардың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініште көрсету қажет немесе анықтама мен сатып-алу туралы келісімін ұсыну қажет; отандық-жасанды болса – Заңның 9-бабы 1 тармағы 42) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларымен қарастырылған жабайы фауна және флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелгені туралы куәлігінің нөмірін осы Қағидалардың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініште көрсету қажет, сонымен қатар уылдырық алу туралы ақпаратты осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес беру қажет; импортталған болса – Заңның 9-бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес берілетін әкімшілік органның уылдырықты Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге берілген рұқсатының нөмірін осы Қағидалардың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініште көрсету қажет; тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алуын растайтын құжатты және тәркіленгені туралы сот актісінің көшірмесін ұсыну қажет; 2) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысы. 13. Әкімшілік орган ішкі нарыққа арналған маркаларды алу туралы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды тапсырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды, бұдан кейін маркалар беруді жүргізеді. 14. Ішкі нарыққа арналған маркалар өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға ішкі нарықта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған маркалар есебі осы Қағидалардың 5-қосымшасында берілген нысан бойынша берілген журналына қол қоя отырып беріледі және алынған маркалар әкімшілік органға қайтарудан басқа, қайта сатуға, иеліктен айыруға жатпайды. Сыртқы нарыққа арналған маркалардың есебі сыртқы нарықта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған маркалар есебі осы Қағидалардың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша журналда жүргізіледі және олар әкімшілік органға беруден басқа, қайта сатуға, иеліктен айыруға жатпайды. 15. Әкімшілік орган ішкі нарыққа арналған маркалардың есебін жүргізу, сақтау, беру және есептілігі үшін жауапты лауазымды тұлғаны бұйрықпен тағайындайды. 16. Ішкі нарыққа арналған маркаларды берген кезде әкімшілік органның уәкілетті тұлғасы екі данада жүкқұжат жазады. Жүкқұжаттың бір данасы өтініш берушіге беріледі. Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі: 1) маркалардың түрі, нөмірі және саны; 2) уылдырықтың жалпы көлемі және бір сыйымдылықтың көлемі; 3) маркаларды беру күні; 4) жеке тұлғаны куәландыратын деректер; 5) ішкі нарыққа арналған маркаларға өтініш берушінің сенімді тұлғасының жеке басын куәландыратын деректері (сенімхаттың нөмірі мен күні); 6) заңды тұлғаның атауы; 7) ішкі нарыққа арналған маркаға өтініш берушінің қолы. 17. Өтініш берушілерге ішкі нарыққа арналған маркаларды беру, өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қорытынды ереже 18. Ішкі нарыққа арналған маркалар қатаң есептілік құжаты болып табылады. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беру туралы мәлімет нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған журналға жазылады. Журналдың сақталу мерзімі – 5 жыл. 19. Ішкі нарыққа арналған маркаларды алғандар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға жазбаша түрде алған маркалары бойынша ішкі нарыққа арналған маркалардың пайдаланылғаны туралы және пайдаланылмаған жағдайда пайдаланбау себептерін көрсете отырып мәлімет ұсынады. 20. Бүлінген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады. Ішкі нарыққа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде қайтару себептерін көрсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі. Алушы бүлінген ішкі нарыққа арналған маркаларды жеке парақтарға жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс. 21. Бүлінген марканы жою әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен, маркаларды жою туралы актісі толтырылып, актіге жойылған марканың санын, нөмірін және түрін көрсету арқылы жүргізіледі. Комиссия мүшелерімен қол қойылған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады. Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 1-қосымша Нысан Ішкі нарыққа арналған марка Ішкі нарыққа арналған марканың сипаттамасы 1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм. 2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін – қызыл. 3. Марканың сол жағында металсыздандырылған мыс жолағы, «уылдырық» микромәтіні орналастырылған. 4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген. 5. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады. Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 2-қосымша Нысан Сыртқы нарыққа арналған марка Сыртқы нарыққа арналған марканың сипаттамасы 1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм. 2. Марканың негізгі реңі – көгілдір. 3. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады. *Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады: Түрлері Коды Сібір бекіресі Сибирский осетр Acipenser baerii BAE Орыс бекіресі Русский осетр Acipenser gueldenstaedtii GUE Пілмай Шип Acipenser nudiventris NUD Парсы бекіресі Персидский осетр Acipenser persicus PER Сүйрік Стерлядь Acipenser ruthenus RUT Шоқыр Севрюга Acipenser stellatus STE Қортпа Белуга Huso huso HUS Ескектұмсық Веслонос Polyodon spathula SPA Калуга Калуга Huso dauricus DAU Аралас түрлер (Тығыздалған уылдырық) Различные виды (Паюсная икра) Mixed species (for ‘pressed’ caviar exclusively) MIX Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 3-қосымша Нысан Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган кімнен _______________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның ( жеке кәcіпкердің), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Мекен-жайы__________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны) Өтініш берушінің реквизиттері _______________ (БСН, ЖСН) Өтініш нөмірі: Өтініш Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын ішкі нарықта сатуға арналған маркаларды беруді сұраймын. Уылдырық түрлері бойынша мәлімет: 1 Уылдырық түрі Сыйымдылық саны және бір сыйымдылықтың көлемі түрлері бойынша 1.1 Мемлекеттік тілінде Орыс тілінде Латын тілінде Сыйымдылық саны Уылдырықтың салмағы 1.2 1.3 2 Уылдырықтың шығу тегі (отандық-табиғи, отандық-жасанды, импортталған, тәркіленген) Мәлімет нысаны түрінде енгізілген мәліметтер дұрыс екенін растаймын. _____________________________ Берілген күні: __________ ж. (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 4-қосымша Нысан Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын алу бойынша ақпарат № р/с Балықтың түрі Балықтың жасы Балықтың салмағы Алынған уылдырық салмағы Уылдырықты алу тәсілі (сауып алу тәсілі (тірідей) немесе кесер тілігі тәсілі) Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 5-қосымша Нысан Ішкі нарықта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған маркалар есебі журналы № Өтініш берушінің атауы Өтініш берілген маркалар саны Жүк- құжат нөмірі Өтініш берушіге маркаларды беру күні Марка-ның түрі, сыйым-дылық Өтініш берушінің ЖСН не- месе БСН Өтініш берушінің өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Өтініш берушінің өкілінің құжатта-рының деректері Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 6-қосымша Нысан Сыртқы нарықта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған маркалар есебі журналы № Жеке немесе заңды тұлғалардың атауы Мар- калар саны Сыртқа шығару рұқсат қағазының нөмірі Сыйым-дылық саны Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН Жеке немесе заңды тұлғалардың өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жеке немесе заңды тұлғалар-дың өкілінің құжаттарының деректері Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10397 болып енгізілді.