АСТАНА. 26 тамыз. Елорда төрінен «Қазақстан – Корея достық бақшасы» деп аталатын демалыс саябағын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметінің мамандары бірігіп «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізді.
Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Достық бақшасын құру мақсаты - серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан – Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 26 Тамыз, 2015
Елордада «Қазақстан – Корея достық бақшасы» ашылады

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше