02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-04/16

277 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін
2015 жылғы 15 қаңтар,  Астана қаласы Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу  шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мына: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулау; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргізу шарттарының Үлгілік нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығына 1-қосымша Үлгі нысан Балық аулау шарты ____________қаласы 20___жылғы «__»__________ ____________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган) бұдан әрі «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» деп аталатын, ____________ ____________________________________________________________________ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) атынан Ереже негізінде әрекет ететін, ____________________________________ бір жағынан, және басшы ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен) атынан _________________________________________ немесе жеке кәсіпкер (ұйымның аты) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен) конкурстық комиссияның 20_____ жылғы «___» ____________ № __________ шешімімен конкурстың жеңімпазы танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын ____________________________________________________________ (ереже, жарғы және т.б.) негізінде әрекет етуші, екінші жағынан, төмендегілер туралы шарт жасасты. 1. Шарттың мәні 1. «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» ұсынды, ал «Пайдаланушы» __________________________________________________________ мақсатында (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік, эксперименттік, мелиорациялық және өсімін молайту аулау) _____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы) балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды. 2. Тараптардың құқықтары 2. «Пайдаланушының» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға; 2) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға; 3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға; 4) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар. 3. «Жергілікті атқарушы органның (Әкімдіктің)» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде шартты біржақты тәртіпте бұзуға мынадай құқығы бар: 1) шарттық міндеттемелер «Пайдаланушымен» орындалмаған жағдайда; 2) жалған ақпаратты ұсыну фактілері анықталған жағдайда. 3. Тараптардың міндеттемелері 4. «Пайдаланушы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға; 2) пайдаланушыға бекітіліп берілген су айдынында және (немесе) учаскесінде балық және басқа да су жануарларын аулауға берілген өтінімге сәйкес бөлінген квотаны игеруге; 3) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға; 4) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7573 тіркелген) «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – Инспекция) лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға; 5) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде, Инспекцияға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге; 6) әрбір балық кәсіпшілік учаскесінде, кемесінде, бригадасында немесе буынында балық аулауға рұқсаттың болуын, әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемесінде, қабылдау пунктінде, бригадасында немесе буынында балық ресурстары мен басқа су жануарларын аулауды есепке алу (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7573 тіркелген) «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуді және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуі бойынша оны көрсетуге; 7) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге; 8) қорықшылық қызметiн құруға және оның күзет қызметін ұйымдастыруға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге; 10) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жағалау учаскелерін, балық аулайтын жерлерді тиісті санитарлық жай-күйде ұстауды қамтамасыз етуге; 11) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8532 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-Ө бұйрығымен бекітілген Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесіне сәйкес, балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыруға; 12) аулау құралдарын, аулау тәсілдерін тексеру және ауланған балықты тексеріп қарау үшін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларды (қызметтік куәлігін көрсеткен кезде) балық аулайтын жерлерге, кемелер мен басқа да жүзу құралдарына, қабылдау пункттеріне кедергісіз жіберуді, оларға балық аулау жөніндегі есептік материалдарды уақтылы беруді қамтамасыз етіп тұруға; 13) су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауына орнатылған көрсеткіштердің, қорғандардың, аншлагтар мен басқа да белгілердің сақталуын қамтамасыз етуге; 14) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге міндетті. 5. «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнің талаптарын сақтаған жағдайда, «Пайдаланушыға» жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге міндетті. 4. Тараптардың жауапкершілігі 6. «Пайдаланушы» осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін кімге де болмасын толығымен де, ішінара да бермеуге тиіс. 7. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру «Пайдаланушының» қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 8. «Пайдаланушының» құқықтары бұзылған жағдайда «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» немесе Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 5. Форс-мажор 9. Егер Шарттың қандай да болсын міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдаяттарынан (форс-мажор) орындалмаса немесе тиісті дәрежеде орындалмаса, тараптардың бірде бірі осы орындалмау немесе тиісті дәрежеде орындалмау үшін жауаптылықта болмайды. 10. Еңсерілмейтін күш жағдаяттарына төтенше және осы жағдайлар кезінде күтпеген: мәселен, әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт және т.б.) сияқты жағдаяттар жатады. 11. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары пайда болған жағдайда, «Пайдаланушы» «Жергілікті атқарушы органды (Әкімдікті)» және Инспекцияны осы жайында форс-мажорлық жағдаяттардың басталған күні мен сипаттамасын нақтыланған жазбаша хабарламаны тапсыру және (немесе) пошта не факсимильдік байланыс арқылы дереу хабардар етеді. 12. Форс-мажорлық жағдаяттар пайда болған кезде, Тараптар орын алған жағдайдан шығу жолын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізіп, осындай жағдаяттардың зардаптарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады. 13. Егер осы тарауда көрсетілген жағдаяттарды құзырлы мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, онда олар заңды болып танылады. 6. Шарттың қолданылу мерзімі 14. Осы шарт оған екі жақ қол қойған сәттен бастап күшіне еніп, 20 __ жылғы «___» _______________ дейін қолданылады. 15. Осы шарт: 1) жануарлар дүниесiн «Пайдаланушының» қызметі тоқтатылған; 2) «Пайдаланушымен» Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған; 3) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алынған жағдайда бұзылуы мүмкін. 7. Қорытынды ережелер 16. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды. 17. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтыруларды екі жақтың уәкілетті өкілдері жазбаша түрде жасап, қол қойған болса, олардың заңды күші бар және оның ажырамас бөлігі болып табылады. 18. Тараптар осы Шарттан немесе оған байланысты туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал тараптар келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. 19. Осы Шартта айқындалмаған барлық мәселеде тараптар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 8. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» ___________________________ (атауы) ____________________________ (пошта, телеграфтың мекенжайы) ____________________________ (банктік деректемелер) _________________________ (қызметі, тегі, аты, әкесінің аты аты (болған кезде)) _________________________ (қолы, мөр) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығына 2-қосымша Үлгі нысан Балық шаруашылығын жүргізу шарты ______________ 20__ жылғы «__» ___________ (елді мекен) __________________________________________________________ мақсатында (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығын (бұдан әрi – КТБШ) және (немесе) шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу) _______________________ облысы (аудан) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ жылғы «____»___________ № ____ шешіміне (қаулысына) сәйкес ереженің негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» деп аталатын, ______________________________________________________________ атынан (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі) басшы __________________________________________________ бір жағынан және ________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын______________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) мекенжайы) атынан ______________________________________________________________ (пайдаланушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) лауазымы) ____________________________________________________________________ екінші жағынан төмендегілер туралы осы шартты жасасты. 1. Шарттың мәні 1. «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» шартқа қоса беріліп отырған төлқұжатта ауданы, көлемі және басқа көрсеткіштері көрсетілген, _____________________ ______________облысы___________________________ ауданында орналасқан «Пайдаланушыға»_________________________________ __________________________________________________________ мақсатында (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, КТБШ және (немесе) шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді. 2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі және/немесе олардың нөмірлері ___________________________________ 2. Тараптардың құқықтары 3. «Пайдаланушының» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға; 2) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға; 3) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға. 4. «Жергілікті атқарушы органның (Әкімдіктің)» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде шартты біржақты тәртіпте бұзуға мынадай құқығы бар: 1) шарттық міндеттемелер «Пайдаланушымен» орындалмаған жағдайда; 2) жалған ақпаратты ұсыну фактілері анықталған жағдайда; 3) балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелерді орындамау немесе толық орындамау жағдайларында. 3. Тараптардың міндеттемелері 5. «Пайдаланушы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға; 2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға; 3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге; 4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға; 5) мыналарды жүзеге асыру үшін: бақылау үшін аулауды – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Инспекция); ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға; әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға беруге; 6) Инспекциямен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге; 7) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7573 тіркелген) «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және Инспекция адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға; 8) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6525 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын Инспекцияда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге; 9) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде, Инспекцияға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге; 10) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге; 11) балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге; 12) балық ресурстары және басқа да су жануарларын, жануарлар дүниесі объектiлерiн қорғау режимi туралы және қорғау режимi мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ақпарат беретiн аншлагтар, плакаттар орнатуға; 13) қорықшылық қызметiн құруға және оның күзет қызметін ұйымдастыруға; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге; 15) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге; 16) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзуге; 17) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9203 тіркелген) 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген нысандарға және тәртіпке сәйкес Инспекцияға мәліметтер беруге; 18) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8532 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-Ө бұйрығымен бекітілген Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесіне сәйкес, балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыруға; 19) суаттардың өнiмдiлiгін сақтауға, балықтарды және басқа да су жануарларын көбейтудiң, өрiс аудару жолдары мен олар шоғырланған жерлерiнiң оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге; 20) жергiлiктi тұрғындардың арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеясын насихаттауға; 21) КТБШ және (немесе) шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін қолданылатын балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде Инспекцияның келісуімен двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін жүзеге асыруға міндетті; 22) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге құқығы бар. 6. «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде: 1) (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнің талаптарын сақтаған жағдайда, «Пайдаланушыға» жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге; 2) осы шарттың қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес бекітіліп берілген су айдынының және (немесе) учаскесінің балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжатын «Пайдаланушыға» ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті. 4. Тараптардың жауапкершілігі 7. «Пайдаланушы» осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін кімге де болмасын толығымен де, ішінара да бермеуге тиіс. 8. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру «Пайдаланушының» қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 9. «Пайдаланушының» құқықтары бұзылған жағдайда «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» немесе Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 5. Форс-Мажор 10. Егер Шарттың қандай да болсын міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдаяттарынан (форс-мажор) орындалмаса немесе тиісті дәрежеде орындалмаса, тараптардың бірде бірі осы орындалмау немесе тиісті дәрежеде орындалмау үшін жауаптылықта болмайды. 11. Осы баптың мақсаттары үшін осы шарттың орындалуына кедергі болатын, тараптар бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына не салақтығына байланысты емес және күтпеген сипат алған оқиға форс-мажорлық жағдаят болып танылады. 12. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары пайда болған жағдайда, «Пайдаланушы» «Жергілікті атқарушы органды (Әкімдікті)» және Инспекцияны осы жайында форс-мажорлық жағдаяттардың басталған күні мен сипаттамасын нақтыланған жазбаша хабарламаны тапсыру және (немесе) пошта не факсимильдік байланыс арқылы дереу хабардар етеді. 13. Форс-мажорлық жағдаяттар пайда болған кезде Тараптар орын алған жағдайдан шығу жолын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізіп, осындай жағдаяттардың зардаптарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады. 14. Егер осы тарауда көрсетілген жағдаяттарды құзырлы мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, онда олар заңды болып танылады. 6. Шарттың қолдану мерзімі 15. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі және ____ жыл мерзімге жасалды. 16. Балық шаруашылығын жүргізу шартының қолданылуы: 1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркімен бас тартқан; 2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен; 3) жануарлар дүниесiн «Пайдаланушының» қызметі тоқтатылған; 4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған; 5) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу; 6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған жағдайларда тоқтатылады. 7. Қорытынды ережелер 17. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде тараптар осы шарттың талаптарын, балық шаруашылығын жайғастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 18. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды. 19. Осы шарттың қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжаты шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады. 20. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса. 21. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. 8. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» ___________________________ (атауы) ____________________________ (пошта, телеграфтың мекенжайы) ____________________________ (банктік деректемелер) _________________________ (қызметі, тегі, аты, әкесінің аты аты (болған кезде)) _________________________ (қолы, мөр) Балық шаруашылығын жүргiзу шартына қосымша Нысан Балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжаты _______________________________________________________________ (су айдынының (учаскесінің) атауы) 1. Географиялық орналасуы Әкімшілік облысы ____________________________________________________ Әкімшілік ауданы ____________________________________________________ Су айдыны орналасқан жер ___________________________________________ (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, ___________________________________________________________________ су айдыны орналасқан жердің бағыты, қашықтығы шақырымда) Учаскенің шекарасы_________________________________________________ (шекараның сипаттамасы, координаталары) 2. Физикалық сипаттамасы Ұзындығы, шақырым ________________________________________________ Ені, шақырым ________________________________________________________ Ауданы, га __________________________________________________________ Барынша тереңдігі, м _________________________________________________ Орташа тереңдігі, м _________________________________________________ 3. Биологиялық сипаттамасы Су айдынының:______________________________________су үсті өсімдігімен (қатты, орташа, әлсіз) _____________________________________ су асты өсімдігімен қаптап кету деңгейі (қатты, орташа, әлсіз) Фитопланктонның даму деңгейі (судың гүлденуі)__________________________ (қатты, орташа, әлсіз) Су айдынының фаунасының түрлік құрамы: ихтиофауна: _________________________________________________________ суқоректілер: ________________________________________________________ омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________ Су айдынының кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы: ихтиофауна: ________________________________________________________ суқоректілер: ___________________________________________________ омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________ Су айдынының балық өнімділігі, кг/га: ихтиофауна: _______________________________________________________ суқоректілер: ________________________________________________________ омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________ 4. Шаруашылық сипаттамасы __________________________________________________________________ (өнеркәсіптік кәсіпорынның лас сумен, ___________________________________________________________ ластануы өндірістің басқа да қалдықтарымен) Су тартқыш _______________________________________________________ (су тарту құрылғыларының түрі, қуаттылығы, __________________________________________________________________ ведомстволық тиістілігі) Тартымдардың, жүзетін, тұрақтайтын, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Басқа мәліметтер __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Осы төлқұжат екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады. Осы төлқұжатты рәсімдеген арнайы жергілікті атқарушы органның атауы _______________________________________________________________ Мөрдің орны Басшы ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы) 20 ___ жылғы «____» ______________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10229 болып енгізілді.