Кеше Тәжікстанның Соғда облысының орталығы Худжанд қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы болып өтті. Оған қазақстандық делегацияны Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастап барды.
Отырыста осы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа халықаралық қауіпсіздіктің неғұрлым өткір проблемалары мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің шақырулар мен қатерлердің алдын алу жөніндегі шаралары туралы баяндама жасады.
Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысы барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайдың ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі өңірге тигізетін әсері, террорлық ұйымдар қызметінің іріткі салу әрекеттеріне қарсы тұру шаралары туралы, сондай-ақ, ҰҚШҰ базалық оқу орындары, ұйымдары мен полигондарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.
Сурет: http://www.mfa.kz/