07 Наурыз, 2015

Жанымның құрағы

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Анашым-тұмарым, Сүйенер шынарым. Қиырда жүрсем де, Іздейтін, сұрарым.   Дайындап асымды. Кигізіп асылды, Ақ батаң алдымнан Ақ жол боп ашылды.   Иіскеп шашымнан, Сипайтын басымнан, Анашым-қамқорым, Табылған  қасымнан. Шаңырақ   шырағы. Дәулеті, жұмағы. Анашым – ұл-қызы, Жанымның құрағы. Ризагүл ТЕМІРБЕКОВА. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы.