26 Тамыз, 2015

Елімізге әскери техникалар келе жатыр

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26.08.2015 AST-3

АСТАНА. 26 тамыз. Астанада Қорғ,аныс министрлігінде еліміздің қорғаныс саласын дамыту мен шет елдермен ынтымақтастықты арттыруға арналған конференция өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен оқу орындарында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің және Ресей, Беларусь, Франция мен Түркия елшіліктерінің өкілдері қатысты. Жиында қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери ғылымды дамыту персективаларын, халықаралық әскери-техникалық интеграцияның мүмкіндіктерін, заманауи қару-жарақ пен арнайы техникаларды өзара жеткізу мәселелері талқыланды. 26.08.2015 AST-4«Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығы қазіргі заманғы әскери техниканы дамытуға ерекше назар аударуда. Тек үш талап ғана қайта қарулану үдерісінде заманауи технологияны қолданудың барлық ұлттық қауіпсіздік сындарына төтеп беруі мүмкін», деді конференцияда сөйлеген сөзінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров. Жиналған төрт ел өкілдерінің мәселесі Астанада биыл 25 мен 26 тамызы аралығында өтетін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскерлері мен әскери құралымдарын техникалық жабдықтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту» атты VI-ші халықаралық әскери-ғылыми конференциясы айналасында өрбіді. 26.08.2015 AST-5Конференция аяқталысымен қатысушылар іс-шара барысында айтылған ұсыныстарды іс жүзінде іске асыруға арналған ұсыныс қатарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда әскери өнім шығару және оны екі жақты пайдалану өнідірісімен айналысатын бірқатар кәсіпорындар қызмет ететінін айта кеткен жөн. Атап айтсақ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М.Киров атындағы көлік өндірісі зауыты» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС сияқты зауыттар сапалы жылуға ден қойғыш құрылғыларын, нысанаға арналған линзалар, түнде көруге арналған құрылғыларын, автоматтандырылған басқару құрылғысын шетке шығара алады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Ресупблдикасы Қорғаныс министрлігі.