21 Мамыр, 2015

Биіктерді бағындыратын бағдарлама

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елімізді алға жетелейтін, әлемдегі озық 30 елдің қатары­на қосылуға мүмкіндік беретін реформалық өзгерістерді өріс­тетуге арналған асқаралы асуларды бағындырудың жоспарымен егжей-тегжейлі танысып шық­қанымда, шындығын айтқанда, келешегімізге деген сенім одан сайын өсе түсті. Жаһандану үдерісі бір жағынан экономикалық ­сын-қатерлерге ұшыратпай қой­мауы­на байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету өмір талабы екендігі даусыз. Сол себепті бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стра­тегиялық бағдарламаны айқын мақсаттың үлкен белгісі деп түсінемін.Әрине, оған жету оңай іс емес болмағанымен бұған дейін де Елбасының бастамаларына жұдырықтай жұмылып, көптеген міндеттерді шешудегі белсенділік бұл жолы да алға тартары анық. Аталған жоспарды зерделеу барысында «Кәсіби мемлекет­­тік аппарат құру» бөліміндегі 9-қа­дамда көрсетілген «Мем­лекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір олардың кәсіби шеберлігін арттыру» туралы талап орынды көрінді. Оның на­зар аударту себебі, бүгінде осы жа­уапты салада жас мамандар қатары ұлғайып келеді десек, алайда бір­қатарының адамдармен жұмыс істей білуі, жұрт өтініш-тілектерін түсіністікпен қабылдауы уақыт, заман ырғағына байланысты біліктілік деңгейі жоғары талапқа сай келмейтінін жасыруға болмайды. Мұның сыр­тында технологиялық құрал-жаб­дықтарды жетік меңгеру қажет­тігі де күннен-күнге күшейіп отыр. Сондықтан олардың кәсіби шебер­лігін жетілдіру өте маңызды мәселе деп білемін. Жоғарыда атал­­ған шара қызметтерін жемісті атқа­­руға сеп болады деген ойдамын. egemen (6) Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты. ЖЕЗҚАЗҒАН.