Бір адам ұстазына келіп: «Құдайды жан-тәніммен сүйіп, құлшылық етсем деп едім, соның жолын айтыңызшы», – деген көрінеді. «Сен өз өміріңде бір әйелді жан-тәніңмен сүйіп көрдің бе?» дейді сонда ұстазы. «Жоқ, мен Құдайды ғана сүйгім келеді», дейді әлгі кісі. «Онда сенің бұл ойыңның іске асуы неғайбыл. Құдайды сүю үшін, ең алдымен, өзіңе өмір сыйлаған анаңды, дүниеге сәби әкелетін әйелді сүюің керек. Құдай сонда ғана сенің жүрегіңе нұрын түсіреді», деген екен ұстазы. Әйелдің, ананың ұлылығын бұдан артық тауып айту мүмкін емес шығар. Өйткені, Құдайдан кейінгі құдірет ол – Ана десек, артық айтқандық бола қоймас.
Иә, анаға бас имейтін, оның алдында тізе бүкпейтін жан сирек. Ұлы жазушы М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – дейді. Сол бесік иесі – ана. Ондай ана үлгілі, көрегенді, көрікті, ақылды болуы тиіс. Осы асыл қасиеттер ана санасында сайрап тұруы тиіс. «Дүниедегі барлық жақсылық – күннің нұры және ананың ақ сүтінен жаралған», деген қанатты сөз бар. Ықылым заманнан бері ана – тыныштық пен игіліктің, отбасындағы береке-бірліктің ұйытқысы. Ана алақанының жылуы мен оның махаббаты – дүниедегі ізгілік пен жақсылықтың жаршысы.
Үйде ана, түзде батырлыққа тәрбиеленіп, жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, бейбіт кезде бесік тербетіп, ұл-қызын даналыққа баулыған Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Домалақ Ана мен Айша бибі, таңбалы тарихтағы Қасым ханның анасы – Жаған бике, Есім ханның анасы – Жақсы бике, қол бастаған Тұмар мен Бопай, ел билеген Айғаным, есімі аңызға айналған Қабанбай батырдың жары Гауһар, өз жұртындағы бірліктің ұйытқысы бола білген Ұлпан ана, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен әлемге танылған Шығыстың қос шынары – Кеңес Одағының батырлары Әлия мен Мәншүк, Отан соғысы орденінің үш мәрте иегері Зоя Досбергенова, қаһарман ұшқыш Хиуаз Доспанова, оқ астынан сегіз жүз жауынгерді арқалап алып шығып, өзі де мерт болған медбике Ғазиза Өмірбаевалар... Бұлардың бейнелері халық жадында жаңғырып, істері өнеге болып келеді.
Анушируан Әділ патшаның: «Алланың көңілінен қалай шығуға болады?» – деген сұрағына дана уәзірі Бұзұхмехр: «Анаңды қуанту арқылы», деп жауап берген екен.
Бұл арада тарихқа барлау жасап, ойымызды шашыратпай-ақ ұлы Абайды өмірге әкеліп, бүкіл адамзатқа ортақ данышпанның болмыс-бітімін қалыптастыруға зор үлес қосқан Зере мен Ұлжан аналарымыздың өзі бір-бір белес емес пе! Кім біледі, жүрегі жұмсақ, көкірегі зерделі, білім- білігі мол осындай аналарымыз болмаса, данышпан Абайдай ұл дүниеге келер ме еді, келмес пе еді. Келген күнде де рухани болмысы, бәлкім, осы деңгейіне жетер ме еді, жетпес пе еді? Демек, текті ана барша тіршіліктің бастауы, қуаныш пен жақсылық көзі, мейірімнің бесігі деу әбден орынды. Тәубе, ұрпағына ғана емес, ұлтына ұлағат болар із қалдырған мұндай аналар кеше де бүгін де ел ішінде баршылық. Солардың бірі – қазақ ғылымының көгінде жарқыраған жарық жұлдыз Евней Бөкетовтің анасы Бәлтай ( шын есімі – Ұмсын) анамыз еді. Абай мен Евнейдің өмірінде де біраз ұқсастықтар бар екен. Айталық, Евней де Абай атамыз тәрізді, екі анаға тел өсіпті. Оны да әжесі бауырына басып, бар мейір-шапағатын төгіпті. Абайдың аты әу баста Ибрагим болса, кейін келе оны әжесі мен анасы еркелетіп, әрі біреу жанын жаралап алмасын деп қорғаштап, «Әй, осыған абайлап сөйлеңдерші», деп жүріп Абай атанып кеткені ғой. Евней ағамызға да ата-анасы әу баста Евнғабиден деп ат қойған екен. Оны да әжесі еркелетіп, Евней деп атап, көрнекті ғалым, академик сол атпен танылды.
Бүгінде Қазақстанда әйелдер саясатта, бизнесте және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін көрсетіп келеді. Мемлекетіміздің өсіп- өркендеуіне азаматтармен қатар сүбелі үлестерін қосып жүр.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында жатыр. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен адамшылығының белгісі.
«Бұл өмірде ізгі ниет, ақ арман,
Аналардың ақ сүтінен жаралған.
Аналардың күлкісінен нәр алған,
Аналардың бақытынан таралған...» – деген өлең жолдары ана бейнесін айқын көрсетіп тұр.
Майра ҚҰРМАНБАЕВА,
«Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25