«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың Қаржы есептемесі
2014 жылдың 31-ші желтоқсаны бойынша
Қаржы жағдайы туралы есептеме
(мың теңге)
2014 жыл 2013 жыл
АКТИВТЕР
Ақша және ақша баламалары 1,020,368 1,954,017
Банктегі депозиттер мен есепшоттар 21,803,905 8,963,938
Сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер 21,523 402,964
Өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар 68,649,940 64,024,581
Инвестициялық мүлік 1,275,378 711,140
Негізгі құралдар және материалдық емес активтер 1,040,724 471,505
Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша дебиторлық берешек 3,874,598 4,435,906
ағымдағы салық активі 580,985 1,920
Қайта сақтандыру шарттары резервтеріндегі қайта сақтандырушылардың бөлігі 20,439,099
2,501,076
Кейінге қалдырылған салық активі - 41,272
Басқа активтер 564,842 167,024
АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ 119,271,362 83,675,343
МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Сақтандыру бойынша резервтер 54,851,526 26,336,795
Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша кредиторлық берешек 1,573,311 1,508,458
Салықтар және төлемдер бойынша міндеттемелер - 367,727
Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 1,422 -
Басқа кредиторлық берешек 1,072,218 1,370,498
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ 57,498,477 29,583,478
КАПИТАЛ
Акционерлік капитал 54,296,000 48,629,160
Жарғылық капитал 107,039 690,495
Сатуға арналған қайта бағалау бағалы қағаздары бар резерві (8,798) (210,645)
Тiкелей пайда 7,378,644 4,982,855
КАПИТАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ 61,772,885 54,091,865
КАПИТАЛДЫҢ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ 119,271,362 83,675,343
2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған
Жиынтық табыс және кіріс немесе шығын туралы жылдық есептеме
(мың теңге)
2014 жыл 2013 жыл
Есептелген сақтандыру сыйақы, брутто 33,395,926 27,238,358
Қайта сақтандыруға тапсырылған сақтандыру сыйақылар (3,496,216) (2,740,217)
Сақтандыру қызметі бойынша кіріс жиынтығы, нетто 29,899,710 24,498,141
Еңбексіз табылған сыйақылар бойынша резервтердегi өзгерiс (2,923,247) (354,649)
аққұла сыйлықақы бойынша брутто резервінің өзгеруіндегі қайта сақтандырушылардың бөлігі 148,426 (110,105)
Еңбекпен тапқан сақтандыру ақылары, нетто 27,124,889 24,033,387
Есептелген наразылық (10,632,976) (12,129,837)
Есептелген наразылықтағы қайта сақтандырушылардың бөлігі 171,725 1,781,659
Брутто, сақтандыру шарты бойынша резервтегі өзгеріс (25,591,484) (5,270,642)
Қайта сақтандырушылардың бөлігіндегі сақтандыру бойынша резервтер өзгерісі 17,789,597 498,014
Есептелген наразылық, нетто (18,263,138) (15,120,806)
Таза қаржылық табыс 6,365,911 5,969,723
Шетелдік валюта операциялары бойынша таза табыс 1,424,929 317,362
Таза комиссиялық шығын (3,303,425) (2,904,691)
Шығынды құнсызданудан қалпына келтіру (633,494) 35,016
Жалпы және әкiмшiлiк шығындар (4,211,000) (5,881,876)
Басқа шығындар, нетто 32,159 89,611
Салық салуға дейiнгі (шығын ) пайда 8,536,831 6,537,726
Кіріс салығы бойынша шығындар (1,477,658) (1,555,271)
Жылдық пайда (шығын) 7,059,173 4,982,455
Басқа кіріс жиынтығы:
Реклассификацияланған немесе ақырында кіріс немесе шығын құрамына реклассификациялануы мүмкін баптар:
Сатуда бар каржы активтерді қайта бағалау резерві
Сатуда бар қаржы активтердi қайта бағалаудың пайдалары (шығындары) (98,019) 14,235
Сатуда бар бағалы қағаздардың пайда және шығын кезіндегі мерзiмнiң қалған жиынтықтың табыстан қайта бағалауының пайда (шығын ) реклассификациясы 294,349 -
Өтеуге дейінгі алып қалған, ауыстырылған дәрежедегі бағалы қағаздар дисконттың/сыйақының амортизациялық пайда (шығын ) реклассификациясы 5,517 23,479
Басқа жиынтық табыстың жиынтығы 201,847 37,714
Корпоративтік табыс салығы шегермесiнің жылдық жиынтық табысы (шығыны) 7,261,020 5,020,169
2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы жылдық есептеме
(мың теңге)
2014 жыл 2013 жыл
Ақшалай түсім және операциялық қызметпен сабақтас төлем
Жылдық жиынтық табысы 7,059,173 4,982,455
Түзету:
Негiзгi құралдардың тозуы 106,677 71,625
Шығынның құнсызданудан қалпына келуі 633,494 (35,016)
пайыздық табыс (6,712,489) (5,954,676)
Сатуда бар, қаржы активтерді өткізуден алынған таза пайда 341,061 -
дивидендтік табыс - (38,526)
Шетелдік валютамен жасалған операциялардың іске аспаған пайдасы (1,498,869) (315,567)
Өтеуге дейінгі алып қалған, инвестицияларға ауыстырылған сатуда бар қаржы активтерді қайта бағалау бойынша резерв өтемпұлы 5,517 23,479
Негiзгi құралдардың және бейматериалдық активтердiң шығуынан болатын шығын (10,744) -
Басшыларға қалдырылған бонустардан шығынды/(шығындарды) қалпына келтіру (111,507) 460,497
Төленген корпоративтік табыс салығы 1,477,658 1,555,271
Айналма капиталда өзгерістерге дейінгі операциялық табыс/шығын 1,289,971 749,542
Операциялық активтерді ұлғайту (азайту)
Сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушылардың бөлігі (17,938,023) (387,909)
Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша дебиторлық берешек 1,106,282 (63,306)
Басқа активтер (376,407) (50,007)
Операциялық міндеттемелерді ұлғайту (азайту)
Сақтандыру шарттары бойынша резервтер 28,514,731 5,625,291
Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйақыларының азаюы (ұлғаюы) (129,375) (587,776)
Басқа міндеттемелер (186,773) 110,608
Операциялық қызметтен сыйақы алғанға дейінгі және де табыс салығын төлеудің таза қаржы кірісі 12,280,406 5,396,443
Алынған сыйақы 5,832,534 5,700,054
Төленген кіріс салығы (2,381,756) (450,000)
Операциялық әрекеттен түскен ақшалай қаражат 15,731,184 10,646,497
Инвестициялық әрекеттерінен қаржылардың ұлғаю (азаю) жиынтығы
Алынған дивидендтер - 38,526
Банктегі депозиттер мен есепшоттар (52,458,320) (11,325,468)
Банктегі депозиттер мен есепшоттарды өтеу 40,698,577 9,945,364
Сатуда бар қаржы активтерді сату 236,710 -
өтеу мерзімінде ұстап қалуға дейін инвестицияларды алу (14,338,149) (9,963,622)
өтеу мерзімінде ұстап қалуға дейін инвестицияларды өтеу 10,026,960 5,230,841
Инвестициялық жылжымайтын мүлiктi алу (576,021) (118,376)
Негiзгi құралдарды және бейматериалдық активтердi сатып алу (665,168) (56,817)
Негізгі құралдар және бейматериалдық активтердің сатылуынан түсімдер 11,799 5,545
Инвестициялық қызметінде қаржы қаражатын қолдану (17,063,612) (6,244,007)
Қаржы қызметінен қаржы қаражаттың қозғалысы
Акциялар эмиссиясы/акциялар төлемі 5,666,840 2,531,160
Дивидендтер төлеу (5,246,840) (6,531,165)
Қаржылық әрекеттерінен қаржылардың ұлғаю (азаю) жиынтығы 420,000 (4,000,005)
Есеп беру кезеңі бойынша қаржылардың ұлғаю (азаю) таза жиынтығы (912,428) 402,485
Сальдоға айырбастау бағам өзгерiсінің қаржылардың шетелдiк валютасындағы ықпалы (21,221) 5,832
Есеп беру кезеңінің басына қаржылардың және олардың баламаларының қалдығы 1,954,017 1,545,700
Есеп беру кезеңінің соңына қаржылардың және олардың баламаларының қалдығы 1,020,368 1,954,017
2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған
Капиталдағы өзгерістер туралы есептеме
(мың теңге)
Жарғылық капитал Сатуда бар бағалы қағаздарды қайта баға-лау бойынша резерв Резервтік капитал Бөлінбеген пайда (шығын) Барлығы
2013 жылдың 1 қаңтардағы қалдығы 46,098,000 2,447,993 (248,359) 4,774,067 53,071,701
Барлық жиынтық табысы
Жылдық пайда - - - 4,982,455 4,982,455
Басқадай жиынтық табыс
Реклассификацияланған немесе ақырында кіріс немесе шығын құрамына реклассификациялануы мүмкін баптар:
Табыс салығы шегермесінің сатуда бар қаржы активтер әділ құнының өзгерісі - - 14,235 - 14,235
Табыс салығы шегермесінің сатуда бар, инвестицияларға ауыстырылған, өтеу мерзіміне дейін ұстап қалынатын қайта бағалау каржы активтері бойынша резервтің өтемпұлы - - 23,479 - 23,479
Бүкіл басқа жиынтық табысы - - 37,714 - 37,714
Жылдық жиынтық табыстың барлығы - - 37,714 4,982,455 5,020,169
Меншіктенушілермен тікелей капитал құрамында көрсетілген операциялар
Акциялар эмиссиясы (акцияларды орналастыру) 2,531,160 - - - 2,531,160
Дивидендтер - - - (6,531,165) (6,531,165)
Жарғылық резервке аударым - (1,757,498) - 1,757,498 -
Меншіктенушілермен барлық операциялар 2,531,160 (1,757,498) - (4,773,667) (4,000,005)
2013 жылдың 31 желтоқсанындағы қалдық 48,629,160 690,495 (210,645) 4,982,855 54,091,865
2014 жылдың 1 қаңтарындағы қалдық 48,629,160 690,495 (210,645) 4,982,855 54,091,865
Барлық жиынтық табысы
Жылдық пайда - - - 7,059,173 7,059,173
Басқадай жиынтық табыс
Реклассификацияланған немесе ақырында кіріс немесе шығын құрамына реклассификациялануы мүмкін баптар
Табыс салығы шегермесінің сатуда бар қаржы активтер әділ құнының өзгерісі - - (98,019) - (98,019)
Табыс салығы шегермесінің сатуда бар, кіріс немесе шығын құрамына ауыстырылған активтер әділ құнының өзгерісі - - 294,349 294,349
Табыс салығы шегермесінің сатуда бар, инвестицияларға ауыстырылған, өтеу мерзіміне дейін ұстап қалынатын қайта бағалау каржы активтер бойынша резервтің өтемпұлы - - 5,517 - 5,517
Бүкіл басқа жиынтық табысы - - 201,847 - 201,847
Жылдық жиынтық табыстың барлығы - - 201,847 7,059,173 7,261,020
Меншіктенушілермен тікелей капитал құрамында көрсетілген операциялар
Шығарылған акциялар 5,666,840 - - - 5,666,840
Жарияланған дивидендтер - - - (5,246,840) (5,246,840)
Жарғылық резервінен аударым - (583,456) - 583,456 -
Меншіктенушілермен барлық операциялар 5,666,840 (583,456) - (4,663,384) 420,000
2014 жылдың 31 желтоқсанындағы қалдық 54,296,000 107,039 (8,798) 7,378,644 61,772,885
Басқарма төрағасы Уманов Б.Г. Бас бухгалтер Рахманова Н.С.
Тәуелсіз аудиторлар есебі
«Евразия» cақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесіне
Біз қоса беріліп отырған «Евразия» cақтандыру компаниясы» АҚ-тың (бұдан әрі – «Компания») 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы есептен, пайда немесе шығын туралы және басқа жиынтық табыс, капиталдағы өзгерістер және көрсетілген күнде аяқталған жыл үшін ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептерден, сондай-ақ есепке алу саясатының негізгі ережелеріне қысқаша шолудан және басқа да түсіндірме ақпараттан тұратын қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік.
Компания басшылығының қаржылық есептілік үшін жауапкершілігі
Басшылық бұл қаржылық есептіліктің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалып, дұрыс берілуіне және басшылық адал емес әрекеттер немесе қателер салдарынан елеулі бұрмалаулары жоқ қаржылық есептілік жасауға қажет деп санайтын ішкі бақылауға жауапты.
Аудиторлар жауапкершілігі
Біздің жауапкершілік – біз жүргізген аудит негізінде осы қаржылық есептілік туралы пікір білдіру. Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік. Аталған стандарттар этикалық нормаларды сақтап, аудитті қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалаулары жоқ екеніне саналы түрде сенімді болатындай етіп жоспарлау мен жүргізуді талап етеді.
Аудит қаржылық есептіліктегі сандық көрсеткіштерді растайтын аудиторлық айғақтар алуға және ондағы ақпаратты ашуға бағытталған рәсімдерді жүргізуді қамтиды. Рәсімдерді таңдау аудитордың кәсіби пікіріне, сонымен қатар адал емес әрекеттер немесе қателер салдарынан қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін бағалауға байланысты. Бұл тәуекелдерді бағалау барысында аудитор ішкі бақылау тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатында емес, жағдайларға сәйкес келетін аудиторлық рәсімдерді әзірлеу үшін қаржылық есептіліктің жасалуы мен дұрыс берілуін ішкі бақылау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар аудитке қолданылған есепке алу саясатының тиісті сипатын және басшылық жасаған бухгалтерлік бағалардың негізділігін бағалау, сондай-ақ тұтас қаржылық есептіліктің берілуін бағалау кіреді.
Біз өзіміз алған аудиторлық айғақтар біздің аудиторлық пікірімізді білдіру үшін жеткілікті әрі тиісінше деп ойлаймыз.
Пікір
Біздің пікірімізше, қаржылық есептілік Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Компанияның 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен көрсетілген күнде аяқталған жыл үшін ақшалай қаражат қозғалысын барлық елеулі тұрғыдан дұрыс көрсетеді.
Ирматов Р.И.
Қазақстан Республикасының сертификат берілген аудиторы,
2012 жылғы 6 қаңтардағы № МФ-0000053 аудитордың біліктілік куәлігі
«КПМГ Аудит» ЖШС
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2006 жылғы 6 желтоқсанда берген №0000021 аудиторлық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия
Нигай А.Н.
Жарғы негізінде әрекет ететін
«КПМГ Аудит» ЖШС бас директоры
20 сәуір 2015 жыл
2014 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН «ЕВРАЗИЯ» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ-тың ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
1. Жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1995 жылы құрылған «Евразия» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания немесе Қоғам) алдыңғы ортақ лицензия орнына алған 2010 жылғы 20 желтоқсандағы №2.1.6 «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына ортақ мерзімсіз лицензиясы бар.
2009 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ-ға акциялардың 95%-ы тиесілі. 2009 жылғы 22 желтоқсандағы акцияларды сатып алу-сату шартына сай акциялардың 5%-ы жеке тұлғаға тиесілі.
Компанияның басқару органы – Директорлар кеңесі, атқарушы органы – Басқарма және бақылаушы органы – ішкі аудит қызметі бар.
Компания 050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 59 мекенжайы бойынша тіркелген. Компанияның негізгі кеңсесі осы мекенжайда орналасқан.
Компанияның Директорлар кеңесінің шешімдері бойынша тиісті Әділет департаменттерінде тіркелген Компанияның Алматы, Астана, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Атырау, Ақтау және Орталық Астаналық филиалдары құрылды.
Компанияның «Еуразиялық банк» АҚ №6 филиалында, «Bank RBK» АҚ-да, «Альянс Банк» АҚ-да, «Банк ЦентрКредит» АҚ-да, «Темірбанк» АҚ-да, «АТФ Банк» АҚ-да ағымдағы шоттары бар.
Қаржылық есептілік беру негіздері.
Компанияның 2014 жылғы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалды.
Қаржылық есептілікке: қаржы жағдайы туралы есеп, жиынтық табыс және кіріс немесе шығын туралы жылдық есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп және қаржылық есептілікке осы түсініктеме хат кіреді.
Компанияның есепті кезеңде өкілдіктері, еншілес және тәуелді компаниялары жоқ, осыған орай Компания шоғырландырылған қаржылық есептілік жасамайды.
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті қоспағанда, Компанияның қаржылық есептілігі есептеу әдісіне сай жасалды.
Компания басшылығының Компания қызметінің ауқымын елеулі қысқарту немесе жою ниеті де, қажеттілігі де болмағандықтан, қаржылық есептілік Компания қызметінің үздіксіз болуына жол беру негізінде жасалды.
Қаржылық есептілікті жасар алдында активтер мен міндеттемелерді түгендеу жүргізілді.
Компанияның қаржылық есептілігі ұлттық валютада мың теңгемен берілді.
2. Есепке алу саясаты
Компанияның есепке алу саясаты ХҚЕС бойынша әзірленді, 27 бөлімі бар және бүкіл қызметті қамтиды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі
Компания клиенттері – 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен 22 000-нан астам сақтанушы, оның 19 000-нан астамы жеке тұлғалар. 2014 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық көлемі 33 395 926 мың теңгені құрады.
Компанияның сақтандыру мен қайта сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар.
«Standard&Poor’s» халықаралық рейтинг агенттігінің «BB+» қаржылық тұрақтылық және контрагенттің ұзақ мерзімді кредит рейтингініне ие. Рейтингтер бойынша болжам – «Жағымды». Сонымен қатар «Евразияның» ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzАA-».
A.M. Best халықаралық рейтинг агенттігі «Евразия» СК» АҚ-тың «B++» деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық рейтингін және «bbb+» кредит рейтингін растап, тұрақты деген болжам жасады. A.M. Bestтің бұл рейтингі жарияланым сәтінде ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады.
Компания өзінің Қазақстан Республикасындағы барлық жеке қаржылық институттар арасындағы ең жоғарғы рейтинг иегері ретіндегі көшбасшылық позициясын ұстап тұр.
«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ ТМД елдері сақтандыру бизнесінің көшбасшыларының қатарына кіреді және халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы сақтандыру компанияларының мақұлданған тізіміне енгізілген. Marsh, Willis, Heath Lambert және Cooper Gay сияқты жетекші халықаралық сақтандыру брокерлерінің сақтандыру компанияларының мақұлданған тізіміне (market security list) кіргізуі компанияның халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы қайта сақтандыру қорғауының сапалы әрі сенімді болуының дәлелі.
Компания салмақты қаржылық негізі бола отырып, қазақстандық және шетелдік сақтандыру компанияларына пропорционал және бейпропорционал қайта сақтандыру талаптарында сенімді қайта сақтандыру қорғауын ұсынады. 2014 жылы кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының көлемі 15 089 075 мың теңгені құрады және Компания бұрынғысынша ҚР нарығындағы кіріс қайта сақтандыру шарттарынан түскен сақтандыру сыйлықақысының көлемі бойынша көшбасшы болып табылады.
4. Инвестициялық қызмет
2014 жылғы инвестициялық қызмет табысы 8 090 391 мың теңгені құрайды.
Өзге қызметтің басқа табысы 838 033 мың теңгені құрайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативі мен төлем қабілеті маржасының жеткіліктілік нормативі орындалады.
5. Негізгі құралдар
Негізгі құралдар бойынша тозу жекелеген активтердің пайдалы қызмет мерзімі ішінде түзу әдіс негізінде есептеледі. Тозу актив сатып алынған күннен бастап есептеледі. Жер тозу есептелетін нысан емес.
6. Басқа дебиторлық берешек. Келешек кезеңдер шығысы
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша күмәнді борыштар резерві мен келешек кезеңдер шығысы шегерілген басқа дебиторлық берешек 535 204 мың теңгені құрады.
7. Салықтық талап, кейінге қалдырылған салықтық талап
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания кейінге қалдырылған салықтық талапты мойындаған жоқ.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша салықтық талап 598 112 мың теңгені құрады.
8. Қайта сақтандырушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдарға берешек
Компанияның қайта сақтандырушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдарға берешегі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша басқа берешегі 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 612 780 мың теңгені құрады.
9. Жалдау. Басқа міндеттемелер. Келешек кезеңдер табысы
Компанияның әкімшілік ғимараттарындағы үй-жайлардың бір бөлігі жалға беріледі. Жалға беру шарттары 1 жылдан кем мерзімге жасалады.
Компанияның басқа міндеттемелері Компанияның жеткізіп берушілер мен мердігерлерге, бағалы қағаздармен операциялар бойынша делдалдарға, еңбекақысын төлеу бойынша қызметкерлерге берешегі деп берілді.
Келешек кезеңдер табысын келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін сақтандыру шарттары бойынша алдын ала төленген сақтандыру сыйлықақылары құрайды.
10. Бюджетпен есеп айырысулар жағдайы
Компанияның салықтық міндеттемелері 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 57 548 мың теңгені құрайды. Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 1 422 мың теңгені құрайды.
11. Жалпы және әкімшілік шығыстар
2014 жылғы жалпы әкімшілік шығыстар 4 565 625 мың теңгені құрайды.
Компания өткен кезеңнің пайдаланылмаған еңбек демалыстарына, 2014 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша сыйлықақы төлеміне резервтер есептеді.
12. Тәуекелдерді басқару жүйесі
Компанияның тәуекелдерді басқару саясаты Компания бейім тәуекелдерді анықтау, сараптау және басқаруға, тәуекелдердің шектерін және тиісті бақылаулар белгілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейі мен олардың белгіленген шектерге сәйкестігін үнемі бағалауға бағытталған.
13. Жарнама және маркетинг
Компанияның жұртшылықпен байланыс аспектісіндегі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – компания қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарыққа шығарып отыру. 2014 жылы түрлі БАҚ-та Компания туралы 630 хабарлама орналастырылды, олардың басым бөлігі өтемсіз негізде орналастырылды. Компания БАҚ-пен тұрақты жұмыс жүргізеді.
14. Байланысқан тараптармен операциялар
Бақылауды жүзеге асыру
Бас компания «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ болып табылады.
Басшылармен және олардың жақын туыстарымен операциялар
Компанияның 5% акциясы тиесілі Басқарма төрағасынан басқа Директорлар кеңесі, Басқарма мүшелерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және олардың туыстарының Компанияда дауыс беру құқығы жоқ.
Басқа байланысқан тараптармен операциялар
Байланысқан тараптар Компания акционерлерінен, басшылығынан және олардың жақын туыстарынан тұрады.
15. Сот шағымдары
Компания қызметтің қалыпты барысына тән ағымдағы сот үрдістерінен ерекшеленетін сот талқыларына тартылмаған.
16. Есепті күннен кейінгі оқиғалар
Есепті күннен кейін 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Компанияның қаржылық есептілігіне елеулі әсер ететіндей оқиғалар болған жоқ.
17. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері 31 желтоқсандағы жағдай бойынша келесі кестеде берілді.
(мың теңге)
Көрсеткіштер атауы 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2014 жылға қарағанда 2013 жылдағы өзгеріс, %
Жарғылық капитал 54 296 000 48 629 160 111,7
Капитал 61 772 885 54 091 865 114,2
Жоғары өтімді активтер 82 080 855 67 802 814 121,1
Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативі 2,35 2,61
Төлем қабілетінің нақты маржасының жеткіліктілік нормативі 5,17 3,24
Акция пайдасы
2014 жыл 2013 жыл 2014 жылдың 2013 жылға %-бен
Қарапайым акциялардың орташа өлшенген саны (мың данамен) 52 432 47 783 109,7
Кезеңдегі таза пайда (шығын) (мың теңге) 7 059 173 4 982 455 141,7
Акцияның базалық пайдасы (теңге) 134,63 104,27 129,1
Қаржылық есептілік көрсеткіштерін сараптау
Көрсеткіштер 2014 жыл 2013 жыл 2014 жылға қарағанда 2013 жылдағы өзгеріс
Активтерді өтеу 7% 8% -1 тармақ
Капиталды өтеу 12% 9% 3 тармақ
Капиталдың активтердің жалпы сомасына қатынасы 52% 65% -13 тармақ
Басқарма төрағасы Уманов Б.Г. Бас бухгалтер Рахманова Н.С.