Еліміздің Ұлттық банкі мен Үкімет ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл ретте осы мәселе еліміздегі бизнес өкілдері тарапынан қолдау тапты.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтобизнес» қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, теңгенің еркін бағамы бизнес саласында айтарлықтай ауқымды мәселе бола қоймайды. Тіпті, осының арқасында экспорт көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік туады. Ұлттық банк пен Үкіметтің осы мәлімдемесінен кейін 60-қа жуық компания басшылары мен акционерлердің қатысуымен Елбасы экономикалық саясаттың алдағы шаралары туралы кеңес өткізген болатын. Аталған жиында Мемлекет басшысы теңгенің еркін айналымы жөнінде шағын және орта бизнес экспортшыларының пікірін тыңдады, дей отырып қауымдастық президенті аталған шешімнің оң нәтиже беретіндігіне сенім білдірді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта елімізде автокөлік бағасының қымбаттау қаупі жоқ екендігін жеткізді. Біз барлық дистрибьюторлар мен дилерлерді, сондай-ақ, барша өндірушілерден болжалынған бағаның арту мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойып, мониторинг жасап отырамыз. Сол себепті, оқыстан қымбаттау мәселесі туындамайтыны айдан анық, деді ол. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында сатылымға шыққан автокөліктердің бағасы белгіленіп қойғандығын тілге тиек ете отырып, көптеген компаниялар валюталық дәлізді 200 теңге шамасында ұстап, осы ретте сату жұмыстары жүріп жатқандығын атап өтті. Ал Симас, Агромашхолдинг, СарыаркаАвтоПром секілді компаниялардың нақты бағаларды орнатуына орай алдағы уақытта осыған қатысты түйткілдер туындамайтынын көлденең тартты. Дегенмен, бірқатар компаниялар маусымдық жеңілдіктерді алып тастағандығын жасырмады.
Сонымен қатар, теңгенің еркін бағамына байланысты автокөлік компаниялары сату барысын тоқтатып қойғаны жөніндегі ақпараттың шындыққа сай еместігін айта отырып, олардың әдеттегідей өз жұмыстарын жалғастыруда екендігін жеткізді. Бізге ЕДБ арқылы кредитті дамыту мәселесіне орай 15 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді, бұл еліміздегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып отыр, деген А.Лаврентьев мониторингтің арқасында күрт қымбаттаудың болмайтындығын тағы да атап өтті. Жиын барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген қауымдастық президенті жыл соңына дейін автокөліктердің бағасының арту көлемі 5-6 пайыздан аспайтындығын атап өтті. Және де біздің мемлекеттің біртұтас экономикалық кеңістікте болғандықтан бағаларды арттырудың елімізге тиімсіз екендігін нақтылады.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53