Тақырыпқа айналған бұл сөзді Астанадағы №1 аурухананың мейірбикесі Сәуле Әбілқасымова айтты. Кеше Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай және Ақтөбе қалаларында Сәуле секілді тағы 360 отбасы баспаналы болып, шадыман қуаныштың айдынына құлаш ұрғанын көрдік.
Елбасының бастамасымен халықтың арман-мұратын «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырып жатыр. Осыған орай кеше жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлердің кезекті пулын үлестіру үшін Астана төрінде арнайы іс-шара өтті. Онда 52 астаналық үй кілтін алды. Айта кетерлігі, үй елорданың таңдаулы ауданына орын тепкен. Иманға толы игі шара мерекелік көңіл күйге орайластырылып ұйымдастырылыпты. Пәтер иелеріне кілттер салтанатты музыка әуенімен табыс етілді. Баспаналы болғандардың қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы, жыл соңына дейін «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Алматы қаласы бойынша – 88,6 мың шаршы метр (1 542 пәтер), Астанада – 20 мың шаршы метр (322 пәтер), Ақтөбеде – 13,8 мың шаршы метр (216 пәтер), Павлодарда – 25 мың шаршы метр (485 пәтер), Қостанайда – 5,8 шаршы метр (91 пәтер) баспана салынып, тапсырылады.
– Ағымдағы жылғы шілдеде республика бойынша үлестірілуі жоспарланған пәтерлердің жалпы саны – 360-ты құрайды. Пәтерлердің 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жас отбасыларға беріледі. Қалған бөлігі бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге, көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларға, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ толық емес отбасылар мен әскери қызметшілерге үлестірілді. Кезекте тұрғандардың тізімін жергілікті атқарушы органдар іріктеп, төлем қабілеттілігін растау үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-қа жолдады. Мұнда арнайы мамандар барлық жағдайды саралай келіп, баспанаға ең мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандырып отыр, – деді холдингтің инфрақұрылымдарды дамыту департаментінің директоры Қанат Ыбыраев.
Ізгі шараның басында жүрген басқарушы директор Сержан Мәдиев «Бәйтерек» холдингі осы жылғы көктемнің наурыз, сәуір айларында Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында 2 437 пәтер пайдалануға ұсынылғанын айтты. Сөйтіп, бүгінгі күнде осы нысандар бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ бағдарлама қатысушыларымен шартқа қол қою рәсімін аяқтағалы отырғанын да жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері холдинг Қазақстан қалаларында 2 797 жаңа пәтерді пайдалануға тапсырып, ел азаматтарын қуанышқа кенелткен.
Басқарушы директор холдинг пен оның еншілес ұйымдарының басым міндеттерінің бірі – қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша Президенттің тапсырмасын орындау екенін атап өтті. Оған қоса, осы кезде «Нұрлы Жол» бағдарламасын мүлтіксіз іске асыру аса маңызды болып табылатынын және оның орындалу барысы ерекше бақылауға алынғанына назар аударды. «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында тұрғын үй құрылысы саласында мемлекет аса тиімді талаптар негізінде халықтың әлеуеметтік әлсіз топтарын қолжетімді, арзан баспанамен қамтамасыз етудің тетіктерін таба білді», деді әңгіме барысында Қ.Ыбыраев.
Холдинг басшылары алдағы уақытқа жасалып отырған жоспарларымен де бөлісті. Бұйыртса, жалпы ауданы 453,5 мың шаршы метрлік 7805 пәтерді таяу болашақта аяқтап, солар бойынша шартқа қол қойылыпты. Оның ішінде 2015 жылы – 361 мың шаршы метр болатын 6185 пәтер және 2016 жылы – 92,6 мың шаршы метрді құрайтын 1620 пәтер пайдалануға беріледі екен. Ал енді бүгінгі шараға қайта оралсақ, пәтер үлестіріліп жатқан бес қалада сатып алынған және салынған жалдамалы тұрғын үйлер Алматыда – 88,6 мың, Астанада – 20 мың, Ақтөбеде – 13,8 мың, Павлодарда – 25 мың, Қостанайда 5,8 мың шаршы метрді құрап отыр.
Жалпы, 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ пен «Бәйтерек девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 000 пәтерді сатып алу мен салуды жоспарлар отырған көрінеді. Бұлармен бірге, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру аясында бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1483 мың шаршы метрін немесе шамамен 29 мың пәтер беру жоспарланып қойылыпты.
Қуанышты шара барысында үйлі болған Сәуле Қуанышқызын әңгімеге тарттық. «Шындығын айтқанда, қуанышымда шек жоқ. Оны қалай білдірерімді де білмеймін. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бір мені ғана емес, мыңдаған адамды баспанамен қамтамасыз етіп, қуанышқа бөлеп жатқаны бүкіл елді шаттандырып отыр десем болады. Осы бағдарламаны жасап, жүзеге асыруға тапсырма берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысымыз мол. Табандатқан 12 жылдан бері мемлекеттік түрлі бағдарламалар бойынша пәтерлі болуға талаптанып келеміз. Жұлдызды сәтіміз бүгін туыпты. Атам қазақ, «Іздеген жетер мұратқа!», «Сабыр түбі сары алтын!» деген тәмсілдерді текке айтпаған екен. Әр іске сабырмен қарап, соның жемісін жеп отырмыз», деді бір бөлмелі пәтерге ие болған С.Әбілқасымова.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше