Ел Конституциясының 20 жылдығына орай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы дәстүрлі брифингке келген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов Ата Заңымыз – ел халқы мен Елбасының орасан зор жемісі екендігін атап өтті.
– Конституция – сіздер мен біздерге, Тәуелсіз Қазақстанымызға көптеген мүмкіндіктер берді. Онда ел азаматтары бостандығының сақталуы мен жеке құқының қорғалуы, емін-еркін жүріп-тұруы жан-жақты қарастырылған. Ал оның басты кепілі – Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады, – деді Конституциялық Кеңес Төрағасы.
Ата Заңымыздың жазылу тарихына куә болған, әрі сондай игі істің басы-қасында жүрген Игорь Рогов сөз арасында Мемлекет басшысының бұл іске өте ұқыптылықпен қарағандығын айта келіп, Нұрсұлтан Әбішұлының Заңды жазып шығу үшін оннан астам мемлекеттің Конституциясымен танысып, талқылаудан өткізгендігін еске салды. Сондай-ақ, төл Ата Заңымыздағы әр бап пен оның тармағына, тіпті, әрбір таңбасы мен әрпіне дейін өзі мұқият қарап шығып, сараптаған. Нәтижесінде, бейбіт елімізде бүгінгідей мамыражай тіршіліктің қамтамасыз етілуіне сеп болып отырған Ата Заңымыз жазылып шыққан.
– Орайы келгенде айта кетейін, бұл туындының шетелдік білікті заңгерлер арасында «Назарбаевтың Конституциясы» аталуының себебі жайдан-жай емес болса керек-ті, – деді ол.
Осы Конституциямызда тайға таңба басқандай етіп көрсетілген азаматтарымыздың тең құқылы болуы – еліміз бен жеріміздегі ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тіршілік құруының басты себепкері. Ата Заң олардың бүгінгідей бейбіт, алаңсыз ғұмыр кешуінің бірден-бір дәнекері болып отырғандығы да ақиқат. «Бұл сөзім де дәлелсіз емес», деген шешен Конституцияның ұлттар татулығының визит карточкасына айналғандығын тілге тиек етті.
Ата Заңымыздың әлемдік деңгейдегі абырой-беделіне қатысты ой өрбіте келіп, Игорь Иванович ендігі сөзді атаулы күнге орай ұйымдастырылатын іс-шаралар легіне қарай бұрды.
– Сондай айтулы шараның бірі – 28 тамыз күні Қазақстанда Ата Заң күні қарсаңында дәстүрлі түрде Халықаралық конференция өтеді деп жоспарлануда. Уақыт өткен сайын Конституциялық құқық мәселелеріне арналған бұл форум біздің еліміздің брендіне айналып келеді. Себебі, шетелдік әріптестерімізбен, заңгерлер мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу кезінде немесе сырт мемлекеттерде өткен конференцияларда Астанадағы жиынымыз жайында жиі сөз қозғалады. Атап айтқанда, шетелдік әріптестер жыл сайын өткізілетін біздің конференция Конституциялық құқық мәселелеріне арналған бірегей алаң екенін алға тартады, – деді ол.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.
• 27 Тамыз, 2015
Конституция – ел халқы мен Елбасының орасан зор еңбегінің жемісі

Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Волонтер • Бүгін, 13:55
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Технология • Бүгін, 13:42
Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды
Елорда • Бүгін, 13:33
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Жемқорлық • Бүгін, 13:21
Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады
Алматы • Бүгін, 13:10
Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді талап етті
Заң • Бүгін, 13:05
Нартай Сәрсенғалиев «билер» ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды
Парламент • Бүгін, 13:01
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым • Бүгін, 12:40
Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:37
Таяу Шығыстағы дағдарыстың Қазақстан экспортына әсері қандай?
Экспорт • Бүгін, 12:27
Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қамшыбек Тәшиев ұзақ уақыт үзілістен кейін алғаш рет ресми іс-шарада сөз сөйледі
Әлем • Бүгін, 12:06
Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Медицина • Бүгін, 11:47
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:43