ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, өрт сөндіру, суда құтқару мекемелерінің қызметкерлері донорлық қан тапсырып, 9 айлық сәбидің өміріне араша тұрды. Бұл туралы облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы Еркен Жұматаев осы салада 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Талай адамды ажал аузынан құтқарған оның отбасы аяқ астынан қиындыққа тап болды. Жұматаевтардың 9 айлық ұлының қан құрамындағы гемоглобиннің күрт төмендеп кетуі салдарынан өміріне үлкен қатер төнді. Оның алдында 6 айлығында туған сәбидідің өмірі үшін дәрігерлер үш апта күресіп, бетін әрең қаратқан еді.
Аланның денсаулығын түзеу үшін 10-15 адамның қаны жететін еді. Алайда, Еркеннің әріптестері дереу қамқор қолын созып, бір күннің ішінде 56 адам донор кезегінде тұрды. Сол күні нәрестеге қан құйылды. Осылайша отбасымен аман-есен қауышты.
«Орталыққа тапсырылған донорлық қан әлі талай адамның өмірін сақтап қаларына шүбә жоқ. Осындай қысылтаяң сәтте көмекке жанұшыра ұмтылған жолдасымның әріптестеріне дән ризамын», дейді 9 айлық сәбидің анасы Гүлмира.
Өмір Есқали.
Дерек: облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті.
Сурет: egemen.kz

«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37