АҚТАУ. 3 шілде. Маңғыстауда алғаш рет визит-орталық салынады. Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау түбегінің тарихи жерлері мен таңғажайып табиғатын тамашалауға келген саяхатшылар үшін облыста алғаш рет туристік визит-орталығы салынбақ. Өңірге келген меймандар алдымен осында тіркеліп, қажетті ақпаратпен қамтылатын болады. Олар одан әрі мамандардың көмегімен таңдаған бағыты бойынша саяхатқа шығады. Орталық жаңадан салынып жатқан республикалық маңызға ие автожолдар мен теміржолдардың түйісетін жері болып табылатын, Ақтаудан 300 шақырым жердегі Манаты асуының бойында орналасады. Бұл шет елдер мен отандық туристер үшін ыңғайлы болмақ. Орталыққа қажетті электр қуаты жел және күн көзінен алынады. Құрылысты бастау үшін жергілікті қазынадан 20 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары келер айда басталады.
«Туристік визит-орталығы салынатын болса, бұл кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ықпал етеді. Себебі, асхана, кішігірім медициналық орталық, көлік жөндеу орындары ашылатын болады», дейді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоғжанов.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10