ҚЫЗЫЛОРДА. 27 тамыз. Травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 12 286 000 теңге бөлінген. Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 306 дана қару тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тұрғындардан алынған атыс қаруларына тиісті сараптамалар тағайындалып, қабылданған тапаншалардың 273 данасына комиссия қорытындысымен шешім қабылданып, 239 тұлғаға тиісті қаражат төленді.
Осыған сәйкес, қаруларын ерікті түрде өткізбеген азаматтарға ескерте кетерлік жайт, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (3 964 000 теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: radiotochka.kz.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше