АСТАНА. 27 тамыз. Елбасы МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоны қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Елбасы МАГАТЭ бас директорын Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылуымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға жемісті өзара іс-қимылдың қорытындысы болғанын атап өтті.
«Қазақстан Семей полигонын жапты, біз ірі ядролық қарудан бас тарттық. Еліміз ядролық қару таратпау саясатын жүргізіп келеді. Бұл орайда біздің көзқарастарымыз ұқсайды деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Президент Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Қазақстанда өткен келіссөздердің бірінші раунды кезінде осындай Банктің қорынан ядролық отын алу мүмкіндігін Қазақстан тарапы бірнеше рет айтқанын атап өтті.
Ю.Амано шартқа қол қою шын мәнінде тарихи оқиға болғанына тоқталды.
«Бүгінде атом электр стансасын салуға ниетті немесе сондай жолды қарастырып отырған елдер уран нарығындағы кез келген ауытқуларға қарамастан, аз байытылған уран сатып алу мүмкіндігі бар екеніне сенімді бола алады. Осы маңызды бастаманы жүзеге асыру барысында Сіздің көшбасшылығыңыз негізгі рөл атқарды. МАГАТЭ атынан және бүкіл халықаралық қоғамдастық атынан Сізге өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді», – деді Юкия Амано.
МАГАТЭ бас директоры сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режімін нығайту тұрғысынан тарихы бай, барлық қажетті инфрақұрылымы бар Қазақстан мұндай банкті орналастыруға ең лайықты үміткер екенін айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға осы тарихи қадамды түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.
«Қандай да бір елдің ядролық бағдарламасын уранды байытудан бастауы баршаны алаңдатады. Бұл оның заңсыз таралу қаупін тудырады. Ал біз өзіміздің ядролық циклды құрмай-ақ бейбіт атомды пайдалануға жағдай жасаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Волонтер • Бүгін, 13:55
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Технология • Бүгін, 13:42
Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды
Елорда • Бүгін, 13:33
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Жемқорлық • Бүгін, 13:21
Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады
Алматы • Бүгін, 13:10
Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді талап етті
Заң • Бүгін, 13:05
Нартай Сәрсенғалиев «билер» ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды
Парламент • Бүгін, 13:01
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым • Бүгін, 12:40
Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:37
Таяу Шығыстағы дағдарыстың Қазақстан экспортына әсері қандай?
Экспорт • Бүгін, 12:27
Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қамшыбек Тәшиев ұзақ уақыт үзілістен кейін алғаш рет ресми іс-шарада сөз сөйледі
Әлем • Бүгін, 12:06
Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Медицина • Бүгін, 11:47
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:43