21 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда 1 500 мигрант жұмысқа орналасты (фото)

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21.05.2015 SKO-2ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр. Еңбек мигранттарына рұқсат беру үрдісі жеңілдетілгелі Қызылжар өңірінде 1500 шетелдік жұмысқа тұру мүмкіндігін ие болды. Бұл туралы  egemen.kz тілшісі хабарлады. 21.05.2015 SKO-3Тек биылдың өзінде көші-қон полициясы қызметкерлері тарапынан шетелдік азаматтарды еңбекке орналастыруға 358 рұқсат берілген. Олардың арасында 70 әйел, аспаз, үй күтуші болып орналасқан. Шетелдік жұмысшылар негізінен Өзбекстаннан келгендер болып табылады. Олардың басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс атқарады. 21.05.2015 SKO-4Алайда, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері де кездеспей қоймайды. Петропавл қаласының бір кәсіпкері Өзбекстанның екі азаматын тиісті құжаттарсыз асханаға жұмысқа алғаны үшін 50 мың теңге айыппұл төлеген.  Алайда азаматша айыппұлды 7 күн ішінде төлегені үшін жаңа заңнамаға сәйкес оның көлемі 50 пайызға қысқарған. «Жыл басынан заңсыз еңбек қызметі үшін 12 жұмыс беруші, 16 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды», дейді СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышев. Өмір Есқали. Дерек: ҚазАқпарат. Сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы басқармасы.