АСТАНА. 27 тамыз. Елбасы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстанда медицинаны, соның ішінде кардиохирургиялық және кардиологиялық қызметті дамыту перспективалары талқыланды.
Қазақстан Президенті кардиохирургиялық ота жасатуға мұқтаж адамдардың саны аз уақыт бұрын ғана 10-15 мың адамға жеткенін айтты.
«Біз бұл адамдарға жәрдем бере алмадық. Мүмкіндігі барлар шетелге шықты. Алайда, бәрінің шамасы келмеді, адамдардан айрылып жаттық. Ал бүгінде елордада және Қазақстанның көптеген облыстарында жүрекке ашық оталар жасалады. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бірінші орынды иеленеді, ол қазірдің өзінде ТМД елдерінде және әлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Орталықта жасалған операциялар сондай-ақ Қазақстанның үлкен имидждік жобасына да айналды, бірақ, ең бастысы – көптеген адамдардың өмірін сақтап қалып жатырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Ю.Пя жеке өзінің және бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа кардиохирургия орталығын құрғаны үшін алғыс айтты.
«Сіз оны ашқан кезде мұны сарай деп бағаладыңыз. Шынында да солай, мұнда нағыз ғажайыпты жасауға болады. Бүгінде біздің орталықты Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем біледі. Мысалы, бірер күнде бізге Еуропа елдерінен 30-ға жуық маман келіп, тәжірибемізді көреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында бүгінгі таңда тек біздің республикада ғана қолданылатын ота әдісін енгізе алдық. Соның нәтижесінде біз еуропалық мамандар келіп танысатындай тәжірибеге ие болдық», – деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 27 Тамыз, 2015
Президент «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ төрағасын қабылдады

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50