АСТАНА. 21 мамыр. Астанадағы «Астана» университетінде оқу жылының соңында шу шықты. Аталған білім ордасында оқу ақысы 2 есеге қымбаттап, студенттердің әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізді. Осы келеңсіздікке байланысты университеттің 15 студенті оқу орнының басшылығынан болған жайттың себебін түсіндіруді сұрады. Алайда, ректорат нақты жауап берген жоқ. Бұл турлы informburo.kz хабарлады.
Осыған орай биыл оқуын аяқтайтын студенттер «дипломдарымыз қолымызға тимей қалады» деп қауіптенуде. Ал мәселенің ақ-қарасын анықтамақ болған оларды күзет қызметі университет ғимаратына жіберген жоқ.
«Оқу жылының соңында, дәл мемлекеттік емтихан алдында бізге оқу ақысының қымбаттағанын хабарлады. Осыған дейінгі 3 курс бойы 150-170 мың теңгеден төлеп келдік. Ал енді 450 мың теңге талап етуде. Егер бұл соманы төлемесек, бізді мемлекеттік емтихандарға жібермейді», – дейді қазақ тілі және әдебиеті факультетінің студенті Әділет Жұмаділәев.
Әділеттің курстасы Әлия Айтуардың айтуынша, өз құқықтарын талап еткен студенттер оқу орнының ректорымен кездесе алмай жүр. Бұл мәселе жөнінде ол: «Бізге не үшін қосымша ақша төлеуіміз керек екенін ешкім нақты түсіндірмеді. Келісімшарт бойынша оқу ақысы өзгерген жоқ», – деп, наразылығын білдірді.
Өз кезегінде университет ректорының міндетін атқарушы Өрік Иманғожина ешқандай оқу ақысының өспегенін айтты. Алайда, лезде бұл сөзінен айныған ол мұндай қадамға бақылау органдарының тапсырмасы бойынша барғанын және барлығы мемлекеттік стандарттарға сай екенін жеткізді. Дегенмен, нақты қандай стандарттар екенін атап бере алмады.
«Бүгінгі таңда бағаны ешкім өсірген жоқ. Бізге оқу ақысын мемлекеттік талаптарға сай деңгейге жеткізу туралы прокуратура органдарынан тапсырма келді. Үкіметтің бекіткен мемлекеттік нормативтері бар. Бұл талаптарға біздің оқу орны сай келмейді», – деген Иманғожина нақты еш нәрсені түсіндіріп бере алмады.
Сонымен қатар, ол: «Студенттеріміздің басым бөлігі ауылдан келгендер. Оқу орнындағы барлық студенттерге жеңілдік қарастырылады. Сондай-ақ, біз мұғалімдерге арналған 6 қабатты жатақхана салдық», – деп, оқу ақысының қымбаттау себебін түсіндірмек болды.
Басшылықтың мұндай жауабы соңғы курс студенттерін қанағаттандырған жоқ. Олар бұл жайтты әділетсіз деп санайды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: informburo.kz.

Маңғыстау-Семей пойызында жолаушылар тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54