Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД және ШЫҰ елдері прокуратуралары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Прокуратура басшылары Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-отырысына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-отырысына қатысу үшін келді.
Кездесуде ШЫҰ және ТМД аясында заңдылықты, қауіпсіздікті және өңірдегі тұрақтылықты сақтаудың маңызды мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы ТМД елдері прокуратураларының өзара іс-қимылын күшейтудің қажеттігін атап айтты.
Сіздер осы форматта 20 жылға жуық уақыт бойы кездесулер өткізіп келесіздер, ал 15 жыл бұрын ТМД-ның халықаралық органы мәртебесіне ие болдыңыздар. Әрбір отырыс арқылы қарым-қатынасты нығайта түстіңіздер. Сонымен қатар, 2001 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмыс істейді, ол халықаралық аренада елеулі күшке айналды. Соңғы отырыста ұйымға жаңа мүшелер қабылдау жөнінде шешім қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл орайда Қазақстан Президенті терроризммен және экстремизммен, сондай-ақ, трансұлттық қылмыстың өзге де түрлерімен күрес мәселелері бойынша бірлескен тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталып, бұл сұхбат прокурорлардың өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет басшысы осындай кездесулер заң үстемдігін және ШЫҰ, ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейтуге септігін тигізеді деп үміттенетінін жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А.Дауылбаев Мемлекет басшысына ұйымға бақылаушы елдер – Үндістан, Ауғанстан және Беларусь ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорлары отырысының нәтижелері туралы баяндады.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03