Қызылжар өңіріне келіп қызықты концерт қойды
Петропавлдықтар Оңтүстік Американы мекен еткен үндіс тайпаларының бірі кичуа екенін Эквадор Республикасынан келген «Қандас бауырлар» этномузыкалық тобының мүшелерінен естіп білді. Оның құрамында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан Альберто Маралис Чиса және Эрнесто Агилар есімді талантты әншілер жүрген жерлерінде кичуа үндістерінің музыкасын талмай насихаттап, өнерде шекара болмайтынын ұқтыруды дәстүрге айналдырыпты. Қызылжар өңірінде де ұлттық аспаптарда нәшіне келтіре ойнап, тамылжыта ән шырқап, көрермендерін риза етті.
– Шығармашылық топты «Қандас бауырлар» деп атауымызда үлкен мән бар. Ондағы мақсат–ата-баба мекенінен еріксіз қуылып, резервацияға ұшыраған үндістердің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, мәдениетін паш ету, дейді әншілер.
Эквадор Республикасының Отавало астанасынан шығып, әлемді шарлап келе жатқан көңілді жігіттер облыс орталығында бірнеше күн аялдап, қызықты концерттік бағдарламалар ұсынды. Ұлттық киімдері бойларына жарасып, сампония, пана, кена секілді ұлттық аспаптарда құйқылжыта ойнады. Күнделікті нәпақалары мен жол шығындарын өтеу үшін өздерімен ала келген экзотикалық бұйымдар мен күйтабақтарды саудалады. Көбіне «мархабат», «рахмет» сөздерін жиі қолданып, ыстық ықыластары мен ризалық сезімдерін білдіріп жатты.
Әншілер қоштасарда Қазақстанның, тұрғындардың қатты ұнағанын, дәмді етіп әзірлеген тағамдарын сүйсіне жегендерін қайта-қайта айтып, алғыстарын жаудырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10