Польшада Үшінші рейхтың қазынасы табылды
Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері жұрт аузында айтылып жүрген аңызға бергісіз әңгіме еді. Сұрапыл жылдардың соңында, 1945 жылы кеңес әскерлері келіп жетер кезде Польшаның Вроцлав қаласына жақын маңда нацистердің қазына тиеген вагоны кенет жоғалып кетеді.
Сол кезде тараған қауесетке сенсек, Үшінші рейх әскерлері 1944 жылы ішіне алтын, күміс құймалары мен әртүрлі өнер туындылары тиелген «қазына эшалонын» Будапешттен Германияға жөнелтпек болады. Қымбат бағалы заттар осында қолға түскен венгер еврейлері геттосынан жинап алынған екен. Бірақ состав өзі көздеген жеріне жете алмайды. Жолда оны алдымен Америка армиясының жауынгерлері тоқтатады. Кейін АҚШ жағы жүргізген тексеру жұмыстары аталған қазынаның бір бөлігін сол әскерлердің алып қойғанын анықтайды. Содан кейін Қызыл армияның жақындап қалуына байланысты немістер қазынаны 150 метрлік бронды пойызбен алып кетпек болған деген де аңыз тарайды. Оның бұдан арғы желісі вагон Төменгі Силезия тауларын тесіп өтетін тоннельдің аузына дейін барғанымен, оның арғы бетке шыққанын ешкім көрмегенін алға тартатын еді.
Енді, міне, бірнеше күннен бері Польшада тұратын бірі – поляк, екіншісі неміс ұлттарының өкілдері болып келетін екі ер кісі өздерінің сол «алтын вагонды» тапқандары туралы жарияға жар салғандары белгілі болып отыр. Осыған байланысты Валбжиха ауданының билігі қазір мәлімдеменің қаншалықты шындыққа жанасымды екенін тексеріп жатыр. Мәселе мынада, қазына тапқандарын жеткізген кісілер сол жүктің 10 пайыздық мөлшері өздеріне жазылмайынша, оның қайда жатқанын айтудан бас тартып отыр. Бұл үшін олар алдымен сол маңдағы заңгерлер кеңсесіне барып, кеңес сұраған болып шықты.
Осы күндері заңгерлер, армия және өрт сөндірушілер бригадасы осы мәселемен айналысып жатқанға ұқсайды. Ал жергілікті сайттар айтылып отырған әңгіменің осында ертеден тараған алтын тиелген вагонның Кщьонж замогы ауданында жоғалып кеткені туралы аңызға ұқсайтынын жазуда.
Айта кететін жайт, бұған дейінгі жылдар бойы жүргізілген қазына іздеу жұмыстары өзінің оң нәтижесін бермеген болатын.
Сәкен ҚҰЛЫМБАЙ.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10