«Қазагромаркетинг» АҚ қарыз алушылар мен сақтандыру компанияларынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Кепілдік/сақтандыру сыйақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға:
- ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер;
- АӨК саласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жатады.
Кепілдендіру мен сақтандыру аясындағы субсидиялар кепілдік/сақтандыру сыйақысы бойынша комиссияның 50%-ын өтеуге бағытталады.
АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялаудың негізгі мақсаты АӨК субъектілерінің кредит ресурстарына қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету болып табылады.
Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібі Үкіметтің «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 тамыздағы №900 қаулысымен бекітілген.
«Қазагромаркетинг» АҚ бағдарлама аясында оператор қызметін атқарады.
Бағдарлама республиканың барлық аумағы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні өтінімдерді «Қазагромаркетинг» АҚ-тың 6 облыстағы (Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан) және Астана қаласындағы өкілдіктері қабылдауда. Өзге облыстарда өтінімдерді қабылдау жуық арада басталады.
Қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының бір бағыты болып табылады.