Биылғы жылдың 24 наурыз күні шамамен сағат кешкі 5-тің кезінде топан су ең алдымен А.Матросов көшесіндегі, соңынан іргелес жатқан Мир, Пекарский переулок, Южная, Ж.Қыздарбеков атындағы көшелеріндегі үйлерді басып өтті, Тіпті, А.Матросов көшесі, 42 үйде тұратын Талғат Нұрмағанбетов 57 бас үлкен-кішілі қой-ешкісін мал қорасынан шығарып та үлгермеген. Үйдің ішіне кірген су өз алдына.
Ал енді, Ж.Қыздарбеков атындағы көшенің № 7 үйі толығымен су астында қалды. Пәтер иелерін арнайы техникамен алып шығуға тура келді. Осы үйдің 25 тұрғыны көшіріліп, Ә.Ермеков атындағы мектеп-интернатына орналастырылды. Жалпы, елді мекен бойынша 19 көше, 38 үй су тасқынының зардабын шекті.
Төтенше оқиғаны естісімен Ақадыр кентіне Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков өзі келіп, мән-жағдаймен жеке танысып, шұғыл түрде жедел жиын өткізіп, төтенше жағдайды тоқтату, құтқару жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.
Тосыннан болған апатқа аудан және кент әкімдіктері де жедел шаралар қолданды. Ең алдымен аудан бойынша су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып. жедел штаб құрылды, Оны аудан әкімі Р.Әбдікеров ұйымдастырушылық шеберлігімен ұтымды басқара білді. Кенттегі кәсіпорын, мекемелердің қол күші, арнайы техникалары бір кісідей жұмылдырылды десек, артық айтқандық емес.
Әсіресе, Қарағанды қаласынан арнайы шақырылған Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты №52589 әскери бөлімінің көмегі орасан болды. 125 әскери адам қол күшімен, 6 мамандандырылған техниканы пайдаланып үш күн бойы тыным таппай топан сумен арпалысты, Әскерилер қапшықтарға құм толтырып, кәдімгі майдандағыдай иесіз суға қарсы бөгеттер жасады. Осы әрекет суды арықтарға бұруға, су алатын үйлерді мейлінше азайтуға үлкен септігін тигізді. Кент тұрғындары олардың көмегіне дән риза болды. Осы жағдайды пайдалана отырып, құтқару жұмыстарына үлкен қолғабыс берген, уақытпен санаспай нағыз ерлік пен отансүйгіштігін көрсеткен әскери бөлімшесінің солдаттарына, оларды басқарып келген подполковник Әрлен Бүркітбайұлына және Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басқарма басшыларына зор алғысымызды білдіреміз.
Манат ӘБЕУОВ,
Нұрзат ТӨЛЕГЕН,
Данияр ІҢКӘРБЕКОВ, Панаркүл ІҢКӘРБЕКОВА, Сандуғаш ІҢКӘРБЕКОВА, Майра ӘБІШЕВА.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Ақадыр кенті.

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15
Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42
Қызылордада 18 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 16:58
АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Руханият • Бүгін, 15:50
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Қоғам • Бүгін, 15:23
ДДҰ дабыл қақты: Конгодағы Эбола індетінен 177 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:05
Қостанайда саяжайдан өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 14:41
Мемлекеттік күзет қызметі: Көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:19
Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды
Әлем • Бүгін, 14:05