22 Мамыр, 2015

Германиядағы Қазақстан экономикасының күндері

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баден-Вюртемберг федералдық жерінің Штуттгарт қаласындағы жұмыс сапары шеңберінде Қазақстанның ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов аталған жердің ЕО және халықаралық қарым-қатынастар мәселелері жөніндегі министрі Петер Фридрихпен кездесу өткізді. Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан мен Баден-Вюртемберг арасындағы екіжақты сауда-экономи­­­калық қатынасты жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, неміс минис­трі жоспарланған экономикалық аймақ­тық делегацияны Қазақстанға өзі бас­тап кететіндігін хабарлады. Баден-Вюртем­бергке сапар барысында қазақ­стандық дипломат Карлсруэ және Ульм сияқты ірі индустриялық қалала­рын­дағы Қазақстанның экономи­ка күн­деріне қатысты және аймақ­тың бас­ты компанияларының басшылы­ғы­мен кездесті. «Қазақстан жолы – 2050: қазақстандық-германдық ынты­мақ­тастықтың жай-күйі және даму болашағы» атты экономикалық форумдар Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасы негізінде Баден-Вюртемберг федералдық жерінің үкіметі мен Карлсруэ және Ульм қалалары­ның сауда-өнеркәсіптік палаталарының ұйымдастыруымен өтті. Аталған фо­рум­­дар барысында Қазақстан елшісі неміс бизнес-қауымдастығы өкіл­дерін «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» Жаңа Эко­номикалық Саяса­ты­ның негізгі жағ­дайымен және ЭКСПО-2017 халық­аралық көрме шеңберіндегі инвес­тициялық ахуалының мүмкіндіктері бойынша шетелдік инвесторларды қолдауға және қорғауға арналған шараларымен таныстырды. Өз кезегінде неміс тарапы аймақаралық әрекеттестіктің нық дамуына және еліміздің инвестициялық ахуалының артуына осындай іс-шаралар мен келіс­сөздердің маңыздылығы ерек­ше екенін атап өтті. ГФР-ға осы аймақ­тың іскер тобы қазақстандық нарыққа қатысуға деген ынталары мен ниеттерін білдірді. «Егемен-ақпарат».

Сурет: bnews.kz