04 Шілде, 2015

Радиологиялық көмек орталығы

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мереке қарсаңындағы игі шаралар аясында Астана қаласы әкімді­гінің онкологиялық орта­лығы негізін­де жоғары технологиялы жаңа радиоло­гиялық көмек көрсету орталығы ашылды. Жаңа орталықтағы заманауи емдеу құрыл­ғылары сәулелік терапия кезінде ағзаның тірі жасушаларына кері әсерін тигізбеуге мүмкіндік береді. Елордада Қазақстан Респуб­лика­сының 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасы негізіндегі шаралар белсенді түрде жүзеге асырылып келе­ді. Қалалық онкологиялық орта­лықты еліміздегі ең ірі ем­деу-про­фи­лактикалық және ғы­лыми-педагогикалық орталық деп атауға толық негіз бар. Мұнда сырқат­тарды сауықтыру және ғасыр кесе­лінің алдын алу мақса­тында кешенді емдеу жүргізіледі. Соңғы уақытта елордада он­кологиялық ауруларға шалдыққан нау­қастар санының азаюы бай­қалады. Қазіргі кезде 7146 адам диспансерлік бақылауда тұр. 2013 жылы орталық сүт безі қатерлі ісігінің скри­нин­гіне арналған цитология аппаратымен, телепато­логия ­аппаратымен және рентген құрыл­ғысымен жабдықталған болатын. «Егемен-ақпарат».