28 Тамыз, 2015

Вьетнам елшісін қабылдады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_6255-1 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  Нгуен Ван Хоаны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде тараптар Қазақ­стан мен Вьет­нам арасындағы өзара ынтымақтастық мәсе­лелеріне тоқталып, әсіресе, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға көңіл бөлді. Тараптардың атап өткеніндей, Вьетнам Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында  қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам Социа­листік Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы келісім екіжақты экономикалық ықпалдастықты одан әрі терең­детуге серпін бермек. Қ.Жақыпов әлемдік эконо­микалық дағдарыс жағдайына айрықша назар аударып, оны еңсеру жолында қолға алынып жатқан шаралардың барлығы экономиканың бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға бағыт­талғанын айтты. Өз кезегінде елші экономикалық, саяси, парламентаралық, достық байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта Вьетнам Социалистік Республикасы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Жақыпов үс­ті­міздегі жылғы тамыз айы­ның соңында Қазақстан­дағы миссиясының аяқтала­тындығына орай, елшіге соңғы үш жыл ішінде қос мемлекеттің қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05