Мәскеуде Қазақстан Республикасы ғарышкерінің халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөнінде келісімшартқа қол қойылды.
Кеше Мәскеу төңірегінде өткен «МАКС-2015» халықаралық авиағарыш салонының шеңберінде Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөніндегі келісімшартқа қол қою рәсімі болып өтті.
Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан Қазғарыш төрағасы Т.Мұсабаев пен Ресей тарапынан Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Иванов қол қойды.
Келісімшарттың мәні қазақстандық ғарышкер А. Айымбетовтің ғарышқа ұшу дайындығы мен оны жүзеге асыру және ғарышкерді ұшып келген соң оңалту жөніндегі қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындауға байланысты екендігін атап өткен жөн.
Қол қойылған құжаттың тармақтарына сәйкес, жоспарланып отырған ұшырылым ұзақтығы ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің ХҒС-пен түйісуіне дейінгі 2 тәулік пен бұрын бекітілген ұшу бағдарламасына сәйкес, халықаралық ғарыш стансасы ресейлік сегментінің бортында 8 тәулік болуын қоса алғанда, он күнді құрап отыр. Келісімшарт құны бір миллиард жүз миллион рубльді құрайды және ол өзгермейтін құнға ие.
«Бұл өте маңызды құжат, онда ғарыштық ұшырылымның барлық қыр-сыры қарастырылған. Негізгі бөлімнен басқа, оның тағы 11 қосымшасы бар. Мен қазақстандық және ресейлік мамандарға ризамын. Олар қысқа мерзімде, яғни 2 жарым айдың ішінде келісімшартты дайындап шықты. Шын мәнінде, осы бағытта орасан зор жұмыстар жүргізілді», – деп атап өтті Талғат Мұсабаев.
Келісімшарт оған қол қойылған күнінен, яғни 2015 жылдың 26 тамызынан бастап күшіне енді, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
• 28 Тамыз, 2015
Қазақ ғарышкері ұшуын қамтамасыз ететін кешенді келісімшартқа қол қойылды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше