КӨКШЕТАУ. 28 тамыз. Қайғылы жағдай өткен желтоқсан айында, Бірлік ауылында орын алған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақмола облыстық прокуратурасы 10-шы басқармасының прокуроры Мәншүк Жүнісованың хабарлауынша, Жергілікті 59 жастағы тұрғын Р-ның азаматтық некедегі әйелі В. басқа кісінің етегінен ұстап кеткені жүрегіне қатты батса керек. Оның үстіне бәсекелесі Х. осы ауылда тұратыны, азаматтық әйелінің көз алдында көлбеңдеп жүретіні зығырданын қайнатқан көрінеді. Жүрекке әмір жүрмейтінін ескермеген Р. «жігіт сияқты» сөйлеспек болып, бәсекелесі тұрып жатқан үйде біршама байбалам шығарады. Бұдан тиісті нәтиже болмаған сияқты. Ертеңінде көзі қарауытқан Р. әлгі үйге тағы да келеді. Қаны басына шапқан ол қалың ұйқыдағы Х-ның басын балтамен соққан. Ол сол жерде жан тапсырады. Шошып оянған В. полицияға телефон шалып, болған жағдайды хабарлаған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жуырда осы қанды оқиғаның нүктесін қойды. Енді Р. қатаң режімдегі колонияда 13 жыл бойы жаза мерзімін өтейтін болады. Ақмола облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kzЕуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
