28 Тамыз, 2015

Қостанай облысында тағы да 2 өрт бекеті ашылды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28.08.2015 QOSҚОСТАНАЙ. 28 тамыз.   Сарыкөл ауданы аумағында екі бірдей жеке өрт бекеті ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 28.08.2015 QOS-2Веселоподол ауылдық округіне қарасты Веселый Подол және Барвинов ауылдық округінің Барвинов селоларында өрт бекетінің салтанатты ашылуы болды.   Әкімшілік аумақтағы өрт бекеттері Веселоподол ауылдық округіндегі     № 2 «Раушан - Агро», «Арыстан - ПК», және Барвинов селосындағы «Аманжол-Акро» шаруашылықтарының   базасында  жұмыс істейтін болады. 28.08.2015 QOS-3Облыста осындай 8 жеке өрт бекеттері пайдалануға берілді.  Өрт сөндіру бекеттерінде өрт сөндірушілерге барық жағдай жасалған.   Әр бекетте 7-10 өрт сөндірушілер жұмыс істейді. Олар барлығы арнайы бағдарлама бойынша Департаменттің Кәсіби даярлық мектебінде оқуды өтті. Өрт бекеттері 3 ауылдық округтің аумағында орналасқан орманды-даладағы 7 елді мекенді  өрттен қорғайтын болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz