28 Тамыз, 2015

Қостанайда шекаралық облыстар жастарының форумы өтті

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28.08.2015 QOS-4ҚОСТАНАЙ. 28 тамыз. Қостанайда шекаралық облыстар жастарының «Достықта жоқ шекара» атты форумы өтті. Оған Ақтөбе және Ресейдің Челябі облысының жастары қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 28.08.2015 QOS-5Форумды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мен Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы ұйымдастырды. Қостанайда алғаш өтіп отырған форум Қостанай, Ақтөбе және Челябі облыстары жастарының бірлескен жұмысы үшін пікірлесу алаңына айналды, жас лидерлер мен түрлі аймақтағы белсенді жастарына достық көпіріндей болды. Форумға қатысқан елу жас  үш күн бойы «Ақ үй» демалыс базасында  нәтижелі жұмыс істеді. Олар үшін түрлі тренингтер, пікірталастар өткізілді. Сонымен қатар жастар көңіл көтеру бағдарламасы да ұмытылған жоқ. 28.08.2015 QOS-6Қазақстан халқы обблыстық ассамблеясының секретариат меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова: «Форумның аты айтып тұрғандай, достық үшін шекара болмауы біздің басқосуымыздың мақсаты болуы тиіс. Көрші облыстар жастары үнемі араласып,  жас ұрпақты патриотизмге, адамгершілікке,  рухани және мәдени құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған идеяларымызбен бөлісуіміз керек» деді. Челябі облыстық Достық үйінің директоры Юлия Лапидус «Достықта жоқ шекара» форумы жыл сайын өтіп тұрсын деген ұсынысын айтты. Форум қарарында да көрші облыстар жастарының бұл шарасы жыл сайын өтетіні және оның географиясы да кеңейе түсетіні айтылды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz