28 Тамыз, 2015

Қостанайда эбола вирусына қарсы жаттығу жұмысары өтті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28.08.2015 QOS-7ҚОСТАНАЙ. 28 тамыз. Әулиекөл ауданында эбола ауруына қарсы арнайы тактикалық оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 28.08.2015 QOS-8Әулиекөл ауданындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Әулиекөл ауданының тұтынушылардың құқығын  қорғау басқармасымен бірігіп, аудан аумағында Эбола ауру белгілерімен ауырған адам табылған жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау  үшін арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізді. 28.08.2015 QOS-9Оқу-жаттығу барысында Эбола ауру белгісі бар адамды аудандық орталық аурухананың инфекция бөлімшесіне оқшаулау мәселесі, сонымен қатар ауданның жедел жасағын тарту аурудың шыққан жеріне алғашқы санитарлық-эпидемиялық жұмыстарды жүргізу мәселесі жаттықтырылды. Аудандағы шұғыл қызметтің қалыптасқан өзара әрекеті, мүмкін болатын жағдайларды жою бойынша шараларды уақытында қабылдау – ТЖ уақытылы және тиімді жою үшін маңызы бар шешім болары анық. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz