28 Тамыз, 2015

Павлодарда қоймалар астық қабылдауға дайын

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28.08.2015 PAV-1ПАВЛОДАР. 28 тамыз.  Биыл Ертіс ауданында 10 жыл бос тұрған элеватор іске қосылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде қуаты 455,3 мың тонналық 10 элеватор бар. Олар "Жолқұдық", "Қалқаман", "Шарбақты" және «Арго» элеваторларының арнайы лицензиясы бар. Бұдан басқа 6 элеватор да астық қабылдауға дайын. Аудандардың өзінде үлкенді-кішілі жалпы сыйымдылығы 707,7 мың тонналық 469 астық сақтау қоймалары бар. Тіпті, сағатына 2049 тонна астықты жылдам кептіре алатын және өңдейтін 68 кептіргіш жұмыс жасауда. Биыл облыста егін алқабы 898,2 мың гектарды құрады.  Бұл күндері 24,6 мың тонна өнім жианлды. Орташа түсімі-гектарына 7,7 центнер. Күздік қара бидайдан 10,9 мың гектар алқаптан 9,4 мың тонна өнім жиналды. Өнімділік гектарынан 18 центнер. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42